Accessibility links

Украина әскерилері Снигирёвка қаласын азат еткенін мәлімдеді


Украинаның қарулы күштерінің 131-батальоны Николаев облысындағы Снигирёвка қаласын азат еткенін мәлімдеді. Ресей бұл қаланы 19 наурызда басып алып, оны Херсон облысының құрамына қосқан еді.

Батальон қаланы бүгін, Снигирев 10 қарашада азат еткенін айтып видеомәлімдеме жасады. Қала тұрғындары украиналық "Суспiлне" басылымына қаланың босатылғанын растаған.

Кеше, 9 қарашада Снигирёвкадағы ресейшіл билік қалада шайқас болып жатқанын хабарлаған. Сол күні таңертең Херсон облысының оккупациялық әкімшілігі басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов ресейлік әскерилер Украина қарулы күштерінің бетін қайтарды деген еді. Кешкісін Стремоусов "жол апатынан" қаза тапқаны хабарланды.

Снигирёвка Херсон қаласынан елу шақырым алыста жатыр. Кеше, 9 қарашада Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу ресейлік әскерилерді Херсон қаласынан алып кетуді бұйырды. Осылайша Ресей Херсон қаласында берілді.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Украинаның біраз жерін Ресейге қосу үшін ұйымдастырылған псевдореферендумға Снигирёвка қаласында 30 адам қатысқан. Соғысқа дейін бұл қалада 12 мыңнан аса адам тұрған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG