Accessibility links

Ресей әскері Херсонды тастап шықпақ. Шойгу бұл қаладан әскерді әкетуді бұйырды


Украина әскері Херсон облысында Ресей әскерінің позициясын атқылап жатыр. 5 қараша 2022 жыл.
Украина әскері Херсон облысында Ресей әскерінің позициясын атқылап жатыр. 5 қараша 2022 жыл.

Ресей әскерінің Украинаның Херсон облысындағы командирі генерал Сергей Суровикин Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға әскерилерді Херсон қаласынан Днепрдің оң жағалауына алып кетуге рұқсат сұрады. Шойгу бұл ұсыныспен келісіп, әскерді Днепр өзеніне қарай әкетуді бұйырды. Демек бұл Ресей әскері Украинаның Херсон қаласында берілді деген сөз.

Суровикиннің есебін "Россия 24" телеарнасы көрсетті. Ол мәлімдемесінде қазіргі жағдайда Херсон мен оған жақын елдімекендерді толыққанды қамтамасыз ету мүмкін емесін мойындады.

"Жағдайды бағамдай келе Днепр өзенінің он жағалауында қорғанысқа мән беруді ұсынамын" деді Суровикин. Ол мұны "ауыр шешім", бірақ "адамдардың өмірін сақтау маңызды" деп бағалады.

Ал Шойгу "ресейлік әскерилерінің өмірі мен денсаулығы біз үшін қашанда қымбат. Бейбіт тұрғындардың өміріне төнген қауіпті де назарға алуымыз керек. Әскерді шығаруға кірісіп, әскери техникаларды, қарулы күштер мен әскерилерді Днепр өзенінен өткізу үшін барлық шараны қабылдаңыздар" деді.

Ресей Херсонда берілді. Орыс әскері қаладан "кетіп жатыр"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00

Бұған дейін Херсоннан ресейлік мемлекеттік мекемелер, ресейлік және совет заманының қайраткерлерінің ескерткіштері эвакуацияланған. Ал әкімшілік ғимараттардан Ресей туы түсірілген еді. Дегенмен соңғы уақытқа дейін Херсон қорғанысқа дайындалып жатыр деп айтылып келген.

Ал Херсон облысы кеңесінің депутаты Сергей Хлань "Ресей әскері Херсон облысындағы майдан шебінде сәтсіздікке ұшырап, жаппай кетіп жатқанын" айтқан.

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кірген бетте Херсон қаласына шабуылдап, нурыздың басында қаланы басып алған. Херсон Ресей Украинада бақылау орнатқан жалғыз облыс орталығы болған еді.

Ал Украина батыс елдерінен артиллериялық қарулан алған соң Херсон облысына қарымта шабуыл бастаған.

Херсон облысы. 8 қараша 2022 жыл.
Херсон облысы. 8 қараша 2022 жыл.

Қыркүйектің соңында Ресей псевдореферендум арқылы Херсон облысының бір бөлігін аннексиялап алған еді. Бұл референдумды Украина, Батыс елдері және БҰҰ мойындамаған. Қазанның ортасында Украина әскері қарымта шабуылға шығады деген ақпарат тараған тұста Ресей Херсон облысынан бейбіт тұрғындарды "эвакуциялау шарасын" жариялаған.

Ресей әскері Херсон қаласынан шыққан соң бұл облыстың бір бөлігі Украинаның бақылауында болады.

Ресей әскері Украинадағы соғыста осымен үшінші рет артқа шегінді. Наурыздың соңында Ресей Киев, Чернигов, Сум облыстарынан әскерін әкеткен. Қыркүйекте ресейліктер Харьков облысындағы бірнеше елдімекеннен кеткен. Одан соң Донецк облысындағы Лиман қаласын берген. Сол кезде Кремль бұл әрекетін "әскерін басқа аймақтарға орналастыру" деп түсіндірген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG