Әлемде ірілігі жағынан үшінші орында тұрған FTX криптовалюта биржасы 11 қарашада банкротқа ұшырағаны жөнінде АҚШ-тың Делавэр штатында сотқа өтініш түсірді. Бизнестің бағалау құны бір аптада 32 млрд доллардан нөлге бір-ақ түскен. Financial Times жазуынша, компанияның міндеттемелері 50 млрд-қа дейін жетуі мүмкін.
Бизнестің құлдырауы 2 қарашада Coindesk басылымында биржа иесі Сэм Бэнкман-Фридтің бизнесі туралы зерттеу жарияланғаннан кейін басталған. Онда миллиардердің бизнесінің активтері негізінен өз биржасы шығарған криптовалютадан тұратыны айтылған. Мақала жарияланған соң клиенттер биржадан жаппай кетіп, ликвидтілік дағдарысы туындаған.
FTX-ті негізгі бәсекелесі әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы Binance сатып алуға уәде берген. Американың реттеуші органдарының жағдайды тексергені жөнінде хабар тараған шақта бизнестің активтерін бағалаған Binance келісімнен бас тартқан.
Бэнкман-Фрид FTX жетекшісі қызметінен кетті. Оның орнына банкроттық бойынша маман менеджер Джон Джей Рэй III келді. Ол 2001 жылы Американың "Энрон" энергетика компаниясын қайта құрылымдаумен айналысқан.
- FTX банкротқа ұшырағаннан кейін ең танымал криптовалюта Биткоин құны бес пайызға арзандап, соңғы ең жылдағы минимум $16 492 дейін құлдырады.
ПІКІРЛЕР