Accessibility links

Әлемде биткоинге көзқарас әр түрлі


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда теңге девальвациясы елдің есін алып жатқанда, суррогат ақша - биткоинға жұрттың қызығушылығы кеми түсті. Бірақ Қазақстанда бұл валюта туралы білетіндер аз, ал биліктегілер одан аулақ болуға шақырады.

Биткоин арқылы күн сайын ондаған мың мәміле жасалып жатады. Жуырда пайда болған "биткоин" (bitcoin) сөзімен Қазақстан тұрғындары да таныс. Кейбір елдердің ұлттық банктері биткоинды есеп айырысу бірлігі ретінде таныса, "виртуалды валюта қаржылық пирамидамен байланысы болуы мүмкін" деп сақтандыратындар да бар.

Ал көптеген елдердің банкирлері "биткоин - халықаралық деңгейде ұйымдастырылған аса ірі алаяқтық болуы мүмкін" деген болжам жасайды.

БИТКОИН ДЕГЕН НЕ?

Кез келген елде ақша шығару құқығы мемлекеттік орталық банктерге ғана берілген. 2009 жылы Сатоси Накамото есімді әлдекім bitcoin деген жасанды валюта жасағаны туралы мәлімдеді. Биткоин – компьютерінің қуатын осы төлем жүйесін қорғау үшін пайдаланатын адамдардың арасында еш бақылаусыз еркін айналымда (эмииссия) жүретін виртуалдық ақша. Айналымда жүрген биткоин көлемі мен толып жатқан эмитенттердің әрекетін бақылау мүмкін емес. Банкирлер мен әлем елдері үкіметтері биткоинды көбінесе осы себепті сынайды.
1 биткоин 749 доллар шамасында бағаланады. Ол - нағыз ақша емес, ақша орнына пайдаланылатын эрзац, яғни жасанды ақша.

Қазір егер сатушы келіссе, биткоинға тауар сатып алуға немесе қызмет ақысын төлеуге болады. Кейбір елдерде оларды арнайы сауда алаңдары мен немесе айырбас орындары арқылы кәдімгі ақшаға айырбастауға болады. Қазір 12 миллион 300 мың биткоин айналымда жүр.

Биткоин валютаға немесе алтын, құнды қағаз сияқты басқа активтерге тәуелді емес. 2010 жылдың ақпанында биткоинның бастапқы курсы 0,01 доллар болды. Ал 2013 жылдың қарашасында оның курсы рекордтық деңгейге - 1 мың 124 доллар 76 центке жетті. Қазір бір биткоин 749 доллар шамасында бағаланады. Бірақ бұл курс қадағалауға көнбейтін, қайшылыққа толы тұрақсыз виртуалдық нарықтың бағамы екенін ескерген жөн. Биткоин - нағыз ақша емес, ақшаның орнына пайдаланылатын эрзац, яғни жасанды ақша.

ҚОЛДАУШЫЛАР МЕН ҚАРСЫЛАР

Өткен жылдың аяғында Қытайдың ұлттық банкі қаржы мекемелеріне биткоинмен есеп айырысуға тыйым салды. Бірақ жеке тұлғалардың биткоинды пайдалану еркін өзіне қалдырды. Қытай билігі «биткоин валютаға жатпайды әрі басқа елдердің ақшасы сияқты мәртебесі жоқ» деп санайды.

2013 жылдың қазанында АҚШ билігі биткоин нарығын жапты. Биыл қаңтарда «заңсыз жолмен алынған ақшаның ізін жасыруға қатысы бар» деген айыппен Bitcoin Foundation төрағасының орынбасары, BitInstant биткоин криптовалюта биржасының басшысы Чарли Шрем тұтқындалды.

Ал Ресей биыл қаңтарда биткоинды «суррогат ақша» деп мәлімдеді. Ресейдің орталық банкі биткоин бойынша «ешқандай кепілдік берілмейді, әрі заң жүзінде міндеттелген субъект жоқ» деп ескертті. Биткоинмен есеп айырысу қауіпті екенін Франция банкі де ескертеді. Ұлттық валюталарға шаққандағы биткоин бағамы тым
Виртуалды биткоин ақшасы үшін жасалған монета үлгісі.
Виртуалды биткоин ақшасы үшін жасалған монета үлгісі.
құбылмалы екенін ескерткен Франция банкі «биткоин заңсыз ақшаның ізін жасыру үшін және терроризмді қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін» деп сақтандырады.

Ад Германияның қаржы министрлігі биткоинды ақша бірлігі ретінде таныды. Енді Германия аумағында биткоинмен жасалған кейбір мәмілелер (транзакция) заңды деп есептеледі. Бірақ неміс министрлігінің мәлімдемесінде «жеке меншік ақшаға көбірек ұқсайтын биткоинды электрондық немесе шетел валютасына жатқызуға болмайды» деп жазылған.

Handelsblatt газетіне берген сұхбатында Бундесбанк атқарушы кеңесінің мүшесі Карл-Людвиг Биле «құбылмалы курсы қалай бағамдалатынын ескерсек, биткоин - алыпсатарлардың арасында жүретін ақша. Биткоин арқылы жүргізілген операцияларға мемлекет кепілдік бермейді, ал инвесторлар бір мезетте бүкіл ақшасынан айырылып қалуы мүмкін. Бундесбанк мұндай қауіп барын қатаң ескертеді» дейді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИТКОИН

Баспасөздің хабарлауынша, Еуропаның кейбір елдеріндегі жекелеген кафелерде биткоинмен төлем жасауға болады. Биткоинды Қазақстанның кейбір интернет-дүкендері де доллармен есептеп қабылдайды.

Қазақстан билігі биткоинды қолдайтыны немесе тыйым салатыны туралы нақты байламға әлі келген жоқ. Қазақстанның қаржы вице-министрі Руслан Даленов биткоин Қазақстанның қаржы жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін деп есептейді. 2013 жылдың желтоқсанында ол Tengrinews.kz агенттігіне «биткоин - ресми органдардың
Қазақстандық мың теңгелік ақша.
Қазақстандық мың теңгелік ақша.
қадағалауынан тыс виртуалды жасырын ақша, оны Интернет қолданушылар «жасап алып» дәстүрлі төлем құралдарына айырбастауы мүмкін» деп хабарлады.

Вице-министрдің пікірінше, «адамдар бір-біріне бұл виртуалды ақшаны банктің көмегінсіз, яғни оған комиссия төлемей-ақ компьютер арқылы қас қағым сәтте тегін аудара алады. Егер ірі корпорациялар арзан виртуалды транзакцияға көшсе, банкирлердің жұмыссыз қалуы мүмкін».

Bitcoin жүйесін Қазақстанның ұлттық банкі қаржы пирамидасы деп тануы мүмкін деген болжамдар бар.

"Қиын сұрақ. Биткоин - заңсыз ақшаның ізін жасыру үшін қолданылатын амал, ол - мүлде қауіпті деп санайтындар Қытайдың монетарлық билігі сияқты оған тыйым салуды ұсынады. Енді біреулер «әзірше байқастап, не боларын көрейік» дейді. Біз бұл мәселеге қатысты ресми позициямызды әлі анықтаған жоқпыз. Қаржы пирамидасы ма әлде басқа ма, білмейміз. Биыл қандай да бір ресми жауабы болып қалар деп ойлаймын" деді ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ақпанның басында - теңге девальвациясына санаулы күндер қалған кезде өткізген баспасөз жиынында.
XS
SM
MD
LG