Ақмола облысы Аршалы ауылындағы мектепте жеке тұрған қазандық жарылып, бірнеше адам зардап шекті. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігіне сүйенген Ulysmedia.kz сайты жазды.
Ресми ақпаратқа қарағанда, оқиға 18 қарашада түскі сағат 12-ден кете бере болған.
1983 жылы туған шаруашылық жетекшісі, 1990 жылғы электрик және 1967 жылғы пеш жағушы ауруханаға түскен. Бірі жан сақтау бөлімінде жатыр. Барлығы есін біледі.
Мектеп қашықтан оқуға көшірілген.
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында жедел штаб құрылып, жарылыстың салдарын жою және жылу беру амалдарын қарастырып жатыр.
Осыған ұқсас оқиға Қазақстан оңтүстігінде де болған. Биыл ақпанда Түркістан облысы Сайрам ауданында мектеп қазандығы жарылып, 58 жастағы пеш жағушы қаза болған. Одан бөлек, былтыр қазанда Қызылорда облысында Тасарық ауылында мектептің бу қазандығы жарылған. Ешкім зардап шекпеген.