Accessibility links

ОСК: Сайлаушылардың 51 пайызы дауыс берді


Президент сайлауында дауыс беріп жатқан сайлаушылар. Астана, 20 қараша, 2022 жыл
Президент сайлауында дауыс беріп жатқан сайлаушылар. Астана, 20 қараша, 2022 жыл

Астана уақытымен сағат 14-тегі ақпарат бойынша, дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 51,16 пайызы президент сайлауында бюллетень алып, дауыс берген. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина аумақтық сайлау комиссияларынан келген есеп бойынша осындай нәтижені оқып берді.

Ресми дерек бойынша, әзірге ең көп дауыс берген аймақтар – Түркістан (76,61 пайыз), Абай (69,32 пайыз), Ұлытау (68,32 пайыз) облыстары. Сағат 14-тегі дерек бойынша Астанада 39,79 пайыз сайлаушы дауыс берген.

Елдің ең ірі қаласы – Алматы дауыс бергендер көрсеткіші бойынша тізімнің ең соңында тұр. Мұнда 24,17 пайыз сайлаушы ғана таңдау жасаған.

Сағат 14-ке дейін 6 миллион 113 мың 621 адам сайлау бюллетенін алған. Жалпы дауыс беру құқығы бар сайлаушы саны 11,9 миллион. Заңда сайлау өтті деп санау үшін дауыс бергендердің төменгі шегі қарастырылмаған.

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Оған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қоса қалың көпшілікке онша белгісіз бес үміткер қатысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG