Accessibility links

ЕҚЫҰ: Қазақстандағы президент сайлауы айқын бәсекесі жоқ саяси ахуалда өтті

Қызыл лентаның арғы бетінде отырған байқаушылар. 20 қараша 2022 жыл
Қызыл лентаның арғы бетінде отырған байқаушылар. 20 қараша 2022 жыл

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) адам құқығы және демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясы Қазақстанда 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауы бәсеке жоқ саяси ахуалда өтті деп санайды. Бұл жөнінде ұйымның бүгінгі мәлімдемесінде айтылған.

"Іс басындағы президент барлық парламенттік партиялар атынан ортақ кандидат тәрізді сайлауға түсті, бірақ оған шын мәнінде бәсекелес болған жоқ. Байқаушылар сөзінше, негізгі бостандықтары мен құқықтарының шектелуіне байланысты азаматтардың саяси процеске толық мәнде қатысуы бұрынғыша айтарлықтай шектеліп отыр" дейді ЕҚЫҰ арнайы бақылау миссиясының мәлімдемесінде.

ЕҚЫҰ байқаушылары "сайлау науқаны туралы БАҚ-та мардымсыз жазылуы және сараптамалық репортаждардың жоқтығы, соның ішінде онлайн хабардың болмағаны да сайлаушылардың саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігін шектеген" деп санайды.

"Тәуелсіз кандидаттардың президенттікке түсуіне рұқсат етілмейтіні, олардың білімі, туған жері, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы органда жұмыс істеген тәжірибесі туралы талаптар Қазақстанның ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелері мен өзге де халықаралық стандарттарға сай келмейді" дейді миссия.

Миссия ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның бұған дейінгі ұсыныстары орындалмағанын, нормативтік-құықтық база халықаралық стандарттарға сай еместігін айтқан.

Белсенділерді ұстау, Назарбаев пен Тоқаевтың дауыс беруі. Сайлау қалай өтті?

Алматыда полиция сайлауға қарсылық білдірген Oyan, Qazaqstan белсенділерін ұстап әкетті. Белсенділер ауыздарына "ұрма, атпа", "оян", "ұрпақ үшін" деген және өзге жазу жапсырған белсенділер "әділ сайлауға жететін күніміз бар ма?" деген жазуы бар үлкен баннер ұстап тұрды.
1/10 Алматыда полиция сайлауға қарсылық білдірген Oyan, Qazaqstan белсенділерін ұстап әкетті. Белсенділер ауыздарына "ұрма, атпа", "оян", "ұрпақ үшін" деген және өзге жазу жапсырған белсенділер "әділ сайлауға жететін күніміз бар ма?" деген жазуы бар үлкен баннер ұстап тұрды.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Oyan, Qazaqstan Қаңтардағы қантөгіске билік, оның ішінде кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты екенін еске салғысы келетінін айтты. "Тоқаев – қанішер" ("Токаев - убийца"), "әділ сайлау үшін" деп айқайлады. Құқық қорғау органдары акцияның заңсыз екенін ескертті. Бірнеше минуттан соң полиция оларды жеке-жеке ұстап алып кетті.
2/10 Oyan, Qazaqstan Қаңтардағы қантөгіске билік, оның ішінде кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты екенін еске салғысы келетінін айтты. "Тоқаев – қанішер" ("Токаев - убийца"), "әділ сайлау үшін" деп айқайлады. Құқық қорғау органдары акцияның заңсыз екенін ескертті. Бірнеше минуттан соң полиция оларды жеке-жеке ұстап алып кетті.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Алматыда полиция "Демпартия" мүшелерін ұстап әкетті. Тіркелмеген партия өкілдері "таңдаусыз сайлауға" қарсылық білдіріп, сайлауды тоқтатуды талап еткен. Олар белсенді Жанболат Мамайды ақтауды да талап етті. Белсенділердің қолында "Таңдаусыз сайлауға қарсымыз", "Жанболат Мамай ақталсын" деген жазуы бар плакаттар болды.
3/10 Алматыда полиция "Демпартия" мүшелерін ұстап әкетті. Тіркелмеген партия өкілдері "таңдаусыз сайлауға" қарсылық білдіріп, сайлауды тоқтатуды талап еткен. Олар белсенді Жанболат Мамайды ақтауды да талап етті. Белсенділердің қолында "Таңдаусыз сайлауға қарсымыз", "Жанболат Мамай ақталсын" деген жазуы бар плакаттар болды.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Елдің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада дауыс берді. Кейін ол істі болып жатқан ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов және қамауда отырған немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісі жайлы пікірін айтты.

"Мәсімов ұзақ жыл менімен істеді. Бірақ қайдан білесің. Иса пайғамбар жанында сатқын отырғанын білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сол себепті соттың аяқталуын күтейік" деді ол. Ал немере інісінің ісі жайлы сауалға "Ол соттың шешімін әділ деп ойлау керек. Әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып, өзінің арызын беру керек. Сондықтан бәрібір қайда барғанда да мәселені сот жүйесі шешеді" деп жауап берді.
4/10 Елдің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада дауыс берді. Кейін ол істі болып жатқан ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов және қамауда отырған немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісі жайлы пікірін айтты.

"Мәсімов ұзақ жыл менімен істеді. Бірақ қайдан білесің. Иса пайғамбар жанында сатқын отырғанын білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сол себепті соттың аяқталуын күтейік" деді ол. Ал немере інісінің ісі жайлы сауалға "Ол соттың шешімін әділ деп ойлау керек. Әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып, өзінің арызын беру керек. Сондықтан бәрібір қайда барғанда да мәселені сот жүйесі шешеді" деп жауап берді.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Сайлауға түсіп, тағы да жеті жылға сайлануды көздейтін Қасым-Жомарт Тоқаев та Астанада дауыс берді. Қазір билікте отырған, осымен екінші мәрте сайлауға түсіп жатқан Тоқаев енді жеті жылға сайланғысы келеді. Сарапшылар бұл сайлауда Тоқаев еш бәсекесіз жеңіске жетеді деп санайды.
5/10 Сайлауға түсіп, тағы да жеті жылға сайлануды көздейтін Қасым-Жомарт Тоқаев та Астанада дауыс берді. Қазір билікте отырған, осымен екінші мәрте сайлауға түсіп жатқан Тоқаев енді жеті жылға сайланғысы келеді. Сарапшылар бұл сайлауда Тоқаев еш бәсекесіз жеңіске жетеді деп санайды.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Бұл сайлауға Тоқаевтан бөлек бұрын саяси аренада көп көзге түспеген тағы бес кандидат түсіп жатыр. Жұрт оларды "қуыршақ кандидаттар", "сәндидат" деп атап жүр. Сарапшылар дауыс беруге нағыз бәсекелес болатын кандидаттар жіберілмеді деп санайды.
6/10 Бұл сайлауға Тоқаевтан бөлек бұрын саяси аренада көп көзге түспеген тағы бес кандидат түсіп жатыр. Жұрт оларды "қуыршақ кандидаттар", "сәндидат" деп атап жүр. Сарапшылар дауыс беруге нағыз бәсекелес болатын кандидаттар жіберілмеді деп санайды.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
"Қазақ аналары — дәстүрге жол" қоғамдық ұйымының кандидаты Салтанат Тұрсынбекова дауыс беріп жатыр. Қазақстанда кандидатты қандай да бір партия я қоғамдық ұйым ұсынуы тиіс. Эксперттер елде президенттікке кандидат болу шарты қиын екенін айтады.
7/10 "Қазақ аналары — дәстүрге жол" қоғамдық ұйымының кандидаты Салтанат Тұрсынбекова дауыс беріп жатыр. Қазақстанда кандидатты қандай да бір партия я қоғамдық ұйым ұсынуы тиіс. Эксперттер елде президенттікке кандидат болу шарты қиын екенін айтады.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
"Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры мен Қазақстан жастарының ақпарат орталығының (МИСК) тәуелсіз бақылаушылары кезектен тыс президент сайлауында заң бұзушылық тіркелгенін хабарлады. "Бақылаушылар отырған жерді қызыл лентамен қоршап, қозғалысына кедергі келтірді. Орындықта отыруды сұрап, қанша адам дауыс беруге келгені жайлы ақпаратты бермеді, хаттама жайлы ақпарат сұраса қуып шығамыз деп қорқытады" деп хабарлады тәуелсіз бақылаушылар.
8/10 "Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры мен Қазақстан жастарының ақпарат орталығының (МИСК) тәуелсіз бақылаушылары кезектен тыс президент сайлауында заң бұзушылық тіркелгенін хабарлады. "Бақылаушылар отырған жерді қызыл лентамен қоршап, қозғалысына кедергі келтірді. Орындықта отыруды сұрап, қанша адам дауыс беруге келгені жайлы ақпаратты бермеді, хаттама жайлы ақпарат сұраса қуып шығамыз деп қорқытады" деп хабарлады тәуелсіз бақылаушылар.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Орталық сайлау комиссиясы 20 қараша 16:00-ге дейін халықтың 65 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді.
9/10 Орталық сайлау комиссиясы 20 қараша 16:00-ге дейін халықтың 65 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Қазіргі президент Тоқаевты сайлауға парламенттегі билікті қолдайтын үш партия мен жұртшылыққа онша танымал емес ондаған қоғамдық ұйымды біріктіретін "Халық коалициясы" ұсынған. Ал Тоқаевтың штабын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов басқарады.
10/10 Қазіргі президент Тоқаевты сайлауға парламенттегі билікті қолдайтын үш партия мен жұртшылыққа онша танымал емес ондаған қоғамдық ұйымды біріктіретін "Халық коалициясы" ұсынған. Ал Тоқаевтың штабын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов басқарады.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Previous slide
Next slide

Мәлімдеме қорытындысында "алдағы парламент сайлауында бүгін айтылған мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар екенін" құлаққағыс еткен.

21 қарашада Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Қорытындыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға қатысқан сайлаушылар дауысының 81,31 пайызын алғанын көрсеткен.

Сайлау қарсаңында және сайлау күні сайлауға көзқарасын білдірмек болған белсенділер қудаланған, тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру процесі мен дауыстарды санау кезінде қысым жасалғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG