Accessibility links

Тәжікстан: Таулы Бадахшан оқиғасы бойынша бес адам өмір бойы түрме жазасына кесілді


Толиб Айембеков, Мунаввар Шанбиев және Ниёзшо Гулобов.
Толиб Айембеков, Мунаввар Шанбиев және Ниёзшо Гулобов.

Тәжікстан Жоғарғы соты Таулы Бадахшан автоном облысынан шыққан бес адамды, оның ішінде белсенді Мунаввар Шанбиев, бұрынғы командир Толиб Айембеков және Имум Шоишириновты өмірлік түрме жазасына кесті. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады. Биыл мамыр айында Таулы Бадахшан автоном облысындағы наразылыққа байланысты айыпталғандар және олардың туыстары сот үкімімен келіспейді.

Ақпаратқа қарағанда, тағы сегіз адам 10 жылдан 30 жылға дейін сотталды. Толиб Айембековтің жақындарының бірі журналистерге үкім 22 қарашада шыққанын хабарлады. Тәжікстан билігі бұл бойынша ешқандай пікір білдірмеді, сот отырысы жабық өткен.

Сотталғандардың бірінің ағасы сот Айембековті "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "заңсыз қару сақтады", "адам өлтірді", "тәртіпсіздік жасады", экстремизм және бағалы тастарды заңсыз сатумен айналысты" деп танығанын айтты. Оның сөзінше, бұл айыптардың бәрі негізсіз.

Таулы Бадахшан автоном облысында 14 мамырда наразылық акциялары басталған. Күш органдары 18 мамырда жолды жапқан адамдарды "деструктивті күштер" деп атап, оларға қарсы "антитеррорлық операция" жүргізген. Сол кезде ресми билік "содыр" деп атаған сегіз адамның өлтіріліп, 11-і жараланғаны" хабарланды. 220 адамның ұсталғаны айтылды.

Содан бері Тәжікстанда ондаған белсенді, журналист және блогер ұсталып, ұзақ мерзімге түрме жазасына кесілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG