Accessibility links

Зеленский: Украинаның соғыстағы мақсаты - Қырымды қайтару


Украина президенті Владимир Зеленский. 23 қараша 2022 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский. 23 қараша 2022 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Украинаның энергетикалық инфраструктураларын атқылап, халықты жылу мен жарықтан ажырату тактикасы Украинаның рухын сындыра алмайды деді.

Зеленский британиялық Financial Times басылымына берген сұхбатында "Украинаның соғыстағы мақсаты – Ресей оккупациялап алған жерлерін, соның ішінде Қырымды да қайтару" деп мәлімдеді.

"Біз бүкіл жерімізді қайтаруымыз керек, себебі, менің ойымша, майдан – дипломатия болмағандағы жол. Егер жеріңізді қайтара алмасаңыз, онда соғыс толық тоқтамағаны" деді Зеленский сұхбатында.

Украина басшысы Қырым қатысты сұраққа "Егер кімде-кім бізге Қырымды әскери жолмен азат етуді ұсынса, мен қолдаймын" дей келе кімде-кім бейбітшілік үшін Қырымды Ресейде қалдыруды ұсынса, бұл ұсынысты Украина қабылдамайды дегенді меңзеді.

"Ешкім мұндай ұсынысты айтып, уақыт жоғалтпай қойсын" деді ол.

Бұған дейін басылымдар АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан Украина билігін Қырымды қайтарып алу ойынан қайтуды ұсынғанын жазған. Бірақ бұл туралы ресми ақпарат болмады.

Ресей Украинаға соғыс ашпай тұрып, Украина Қырымды қайтару үшін әскери операция бастайтыны жайлы ресми мәлімдеме жасамаған еді. Кейін соғыс басталған соң Киевтің ресми позициясы өзгеріп, Украина билігі оккупацияланған жерлерін қайтарса ғана Ресеймен бейбіт келісімге келетінін бірнеше рет мәлімдеген.

Кейінгі уақытта Ресей Украинаның инфраструктураларына ракетамен шабуылдауды жиілетті. 23 қарашадағы жаппай жасалған шабуылдан соң елдің біраз бөлігі жарықсыз қалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG