Accessibility links

Норвегия украин әскерін жаттықтыруға $15 млн бөлді


Оңтүстік Англиядағы әскери базада дайындықтан өтіп жатқан украин жауынгері. 15 тамыз 2022 жыл.
Оңтүстік Англиядағы әскери базада дайындықтан өтіп жатқан украин жауынгері. 15 тамыз 2022 жыл.

Норвегия Еуроодақтың украин әскерін жаттықтыру жөніндегі миссиясына 150 млн крон (шамамен 15 млн доллар) қаражат бөлді. Бұл жөнінде Норвегия үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Норвегия қорғаныс министрі Бьорн Арильд Грам Украина өзге елдердің қолдауына зәру екенін, Ресей басқыншылығына қарсы тұру үшін оған қару-жарақ пен материалдар қажет екенін атап өтті.

Норвегияның TV2 арнасының хабарлауынша, Осло сонымен бірге украин әскеріне құны 250 млн крон болатын 55 мың қысқы киім, M109 артиллериялық қондырғысы, 30 мың құрғақ тамақ, 55 мың таңу материалдары мен жеке пакет берген.

Норвегияның қарулы күштері НАТО құрамындағы ең шағын құрылымдардың бірі. Онда құрлық жаяу әскері, флот пен авиацияны қосқанда 24 мың жауынгер бар, жартысы әскерге шақырылғандар мен резервистер.

XS
SM
MD
LG