Accessibility links

NYT: Украинаға Батыс берген зеңбіректердің үштен бірі соғысқа жарамсыз


Батыс елдерінің Украинаға берген шамамен 350 зеңбірегінің үштен бірі көп қолданылуына байланысты немесе соғыста бүлінгендіктен жарамсыз болып қалған. Бұл жөнінде Америка және Украинадағы дереккөздерге сүйенген The New York Times басылымы хабарлады.

Қазір украин әскері күніне 2-4 мың аралығында снаряд ұшырады. Ал Ресей армиясы одан да көп снаряд пайдаланады. Мұндай қарқын зеңбіректердің тез тозуына және қарудың дәлдігі мен алысқа ұшу қабілетіне теріс әсер етеді.

Мақалада сонымен бірге 155 миллиметрлік снарядтардың кейбірі бұрын зеңбіректерде сыналмағаны, сол себепті оның діңін жылдам ескіртіп жатқаны жазылған.

Бүлінген қаруларды қалпына келтіру үшін АҚШ қорғаныс министрлігі Польшадан шеберхана ашқан. The New York Times жазуынша, Украина қаруларды тезірек пайдалану үшін артиллерияны жөндейтін пунктердің Украина аумағында майданға жақын жерде болғанын қалайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG