Accessibility links

Орбан: Еуропаның қауіпсіздігі үшін Украинаның тәуелсіз болғаны керек


Виктор Орбан
Виктор Орбан

Украинаның тәуелсіздігін сақтау - Еуропаның қауіпсіздігі үшін керек. Мұны Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан христиан демократтардың халықаралық бірлестігі съезінде айтты.

Венгрия премьер-министрінің сөзінше, қазір Еуропа үшін ең басты мәселе Ресей тарапынан төнетін қауіптің алдын алу. "Бұл үшін бізге тәуелсіз Украина керек", – деді Орбан.

"Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату мәселесінде Еуропа одағы елдерінің ортақ ұстанымы жоқ" деген Орбан Венгрия Ресейге санкция салу мәселесін Брюссельмен талқылауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Бұған дейін Виктор Орбан ресейшіл ұстанымдағы саясаткер деп сипатталып келген. Ол Украина мүддесін Венгрия мүддесінен жоғары қоймайтынын ескертіп, Киевке 18 миллион еуро бөлу туралы Еуропа одағының жоспарын қолдамаған. Бірақ Украинаға 187 миллион еуро жеңіл кредит беруге қарсы болмаған. Таяуда Киевке Венгрия президенті Каталин Новак келіп кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG