Accessibility links

Қытайда наразылықтан кейін коронавирус шектеулерін жеңілдетті


Қытайдың Гуанчжоу қаласында билік жаппай наразылықтан кейін коронавирус шектеулерін жеңілдетті: бірнеше ауданда бұрын күшіне енгізілген локдаундар алынып, жаппай коронавирус тестілері тоқтатылды. Мұның алдында қалада коронавирус шектеулеріне қарсы жаппай наразылық өтіп, жұрт полициямен қақтығысып қалған.

Қазір Қытайдың көптеген қалаларында, университеттердің кампустарында наразылық жалғасып жатыр.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономия өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжіде 24 қарашада тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, он адам қаза болған. Локдаунның салдарынан олар дер кезінде пәтерлерінен шығып үлгермеген.

25 қарашада шенеуніктер адам өліміне карантин шектеулері себеп болғанын жоққа шығарып, "өзін-өзі құтқару қабілеті төмен" тұрғындардан көрген. Әлеуметтік желі қолданушылары бұған ызаланып, Үрімжіде наразылық басталған.

Бастапқыда наразылар коронавирус шектеулеріне наразылық білдірген. Кейін демонстранттар Қытай басшысы Си Цзиньпиннің отставкасын талап етіп, басқарушы Қытай коммунистік партиясын сынай бастады, елде демократиялық реформалар жүргізуге шақырды.

Бұл Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясын басқарған кезеңдегі ең ірі акция. Полиция наразылықты басып-жаншып, белсенділерді қудалай бастады.

  • Қытай денсаулық сақтау министрлігі сейсенбі күні 19 млн халқы бар Гуанчжоуда шамамен жеті мың адамға коронавирус жұққанын хабарлады.
  • Әлем елдерінің басым бөлігі 2022 жылға қарай коронавирус шектеулерінен бас тартқан. Ал Қытай билігі zero-Covid саясатынан бас тартқан жоқ. Коронавирус пайда болған қалаларда тұтас аудандар жабылып жатыр. Мұндай қалаларда тұрғындар үйлерінен рұқсатсыз шыға алмайды, мейрамхана, дәмхана, кинотеатрлар мен өзге де қоғамдық орындар жабылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG