Accessibility links

"Проект": Соғыс басталғалы бері Ресейдің Қара теңіз флоты құрамының 15 пайызы жойылған


"Москва" зымыран крейсері. Қараша 2016 жыл.
"Москва" зымыран крейсері. Қараша 2016 жыл.

Ресейдің Қара теңіз флоты Украинада соғыс басталғалы бері әскер құрамының 15 пайызын жоғалтқан, деп хабарлады "Проект" басылымы.

Ресей Украинаға басып кірмей тұрғанда Қара теңіз флотында 275 кеме және катер болған, 58-і – әскери кеме. Патрульдік катерлерді қосқанда флотта 74 әскери бөлім болған.

"Проект" жойылған кемелер жөнінде ашық мәліметтерді тексере отырып, соғыс басталғалы бері кемінде 12 кеме мен катер батырылған немесе қатты бүлінген деген қорытындыға келген.

Ресей қорғаныс министрлігі соғыс басталғалы бері флот шығыны жөнінде хабарламады.

  • 13 сәуірде Украинамен соғысқа қатысқан Қара теңіз флотының флагманы "Москва" крейсері суға батып кетті. Украина қарулы күштері мен Пентагон кемеге украин зымырандары түскенін хабарлаған. Ал Ресей жағы мұны мойындамай, "крейсердегі оқ-дәрі тұтанып, өртенгеннен кейін кеме батты" деді.

XS
SM
MD
LG