Accessibility links

Павлодар облысының Ақтоғай ауылында газ баллоны жарылып, бір әйел күйіп қалған


Газ баллоны. Көрнекі сурет
Газ баллоны. Көрнекі сурет

Павлодар облысында газ баллоны жарылып, бір әйел күйіп қалған. Бұл ақпаратты КазТАГ ақпарат агенттігі таратты.

Оқиға 5 желтоқсанда Ақтоғай ауылындағы Марденов көшесінде болған.

"Газ баллоны жарылып, тұрғын үйге жапсарлас салынған қалқа мен ас бөлмені қиратқан. 25 шаршы метр құрылыс қираған",- дейді Ақтоғай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Әділхан Мағзамов.

Оның сөзінше, 1955 жылы туған әйел денесінің шамамен 35 пайызы күйіп қалған.

Жарылысқа "газ баллонының нұсқаулық бойынша сақталмауы" себеп болған.

Биыл тамызда Теміртауда бес қатты тұрғын үйде газ баллоны жарылған. Жарылыс дүмпуінен үш пәтердің қабырғасы құлап, төрт адам ауруханаға түскен еді.

2021 жылы қарашада Ақмола облысының Шортанды ауданында да газ баллоны жарылып, 3 адам опат болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG