Accessibility links

Қырғызстанда "Жасыл альянс" АЭС салуға қарсы шықты


Заңгерлік ұйымдар бірлестігінен құрылған "Қырғызстан жасыл альянсы" ұйымының өкілдері энергетика министрлігі мен табиғи ресурстар, экология және техникалық бақылау министрлігіне ашық хат жолдап, ел аумағында Атом электр станциясын салуға (АЭС) қарсы екенін жеткізді.

Таяуда Қырғызстан энергетика министрлігі Ресейдің "Русатом Энерджи Прожект" акционерлік қоғамымен ("Росатом") АЭС құрылысын салу бойынша қол қойғанын мәлімдеген.

"Жасыл альянс" атап өткендей, 2019 жылы "Қырғыз Республикасында уран және торий кендерін геологиялық зерттеуге, барлауға және жұмыс істетуге тыйым салу жөнінде үкімет қаулысы қабылданған.

"Осыған байланысты АЭС үшін радиоактивті шикізат қайдан алынады деген сұрақ туындайды. Қаулыда Қырғызстан аумағына құрамында уран және торий бар шикізатты алып келуге тыйым салынғаны жазылған. Демек, АЭС құрылысы заңдық негізге ие емес", - дейді "Жасыл альянс" өкілдері.

Олар АЭС-ті Қырғызстанда салу сейсмикалық жақтан қауіпті екенін айтады.

Бұған дейін белсенділер АЭС жайлы мәлімет қоғамға аз айтылып жатқанын мәлімдеп, АЭС-ке қарсы қол жинай бастаған еді. Climate Action Network атты климат өзгеруіне бағытталған ұйымның Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Ольга Бойко осыған дейін Қырғызстанда АЭС салу жобасын сынға алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG