Accessibility links

Киев мэрі қалаға дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады


Жерасты өткелінде отырған Киев тұрғындары.
Жерасты өткелінде отырған Киев тұрғындары.

14 желтоқсан таңертең Украинаның Киев, Житомир және Винницк облыстарында әуе дабылы іске қосылды. Әлеуметтік желілерде Киев пен маңындағы аумақта жарылыс дыбысы естілгені айтылды.

Киев мэрі Виталий Кличко Телеграм-арнасында қаланың Шевченко ауданында жарылыс болғанын растады.

Киев облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Алексей Кулеба әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі істеп тұрғанын хабарлап, тұрғындарды сыртқа шықпауға үндеді.

Кейін Кличко Киев пен Киев облысы төбесінде ирандық он дрон атып түсірілгенін хабарлады.

Киев қаласы әкімшілігі дрон бөлшектері Шевченко ауданындағы екі әкімшілік ғимаратты бүлдіргенін мәлімдеді.

Украина қарулы күштері бас штабының таңертеңгі хабарламасында өткен түні Ресей әскерінің Украинаға бір авиациялық, 11 зымыран соққысын жасағаны, үшеуі азаматтық инфрақұрылымға бағытталғаны жазылған.

  • Биыл қазанда Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін Ресей Украинаның азаматтық инфрақұрылымдарына жаппай соққы жасай бастаған. Киев пен Батыс елдері шабуыл қарапайым халыққа бағытталғанын, халықаралық құқық өлшемі бойынша бұл әскери қылмыспен пара-пар екені, оған тыйым салынғанын айтқан. Кремль қарапайым халыққа шабуыл жасағанын жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG