АҚШ Конгресі Америка әкімшілігін Ресей армиясының Украина аумағындағы адамзатқа қарсы және әскери қылмыстары туралы айғақтар жинауға міндеттеді.
Сәйкес заң жобасын Конгресс қорғаныс шығыны туралы заң аясында мақұлдады. Заңға сәйкес, Америка әкімшілігі басқыншылық кезіндегі әскери қылмыстар мен өзге де хайуандық әрекеттер туралы мәліметтерді жинап, Конгреске есеп беріп отыруы тиіс. Құжатта бейбіт халыққа қасақана шабуыл жасау, мектептер мен ауруханаларды бомбалау, бейбіт халықты күштеп көшіру, кепілдікке алу, зорлау, азаптау және өзге де күш қолдану әрекеттері ерекше аталады.
Заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтергендердің бірі конгрессмен-республикашыл Майкл Макколдың сөзінше, ресейлік әскери қызметкерлер "зорлау, азаптау, бейбіт халықты өлтіру жауапсыз қалмайтынын" біліп, сезінуі тиіс. Бұл заң қылмыс жасаған ресейлік солдаттарды болашақта сотқа тартуға көмектеседі.
БҰҰ мәліметінше, соғыс басталғалы бері он айға жуық уақыт ішінде Украинада 6,5 мыңнан астам бейбіт азамат опат болған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, ресейлік әскери қызметкерлер 50 мыңнан астам әскери қылмыс жасаған болуы мүмкін.