Accessibility links

Тәжікстан соты ДАИШ-қа мүше болды деп айыпталған азаматты 12 жыл түрмеге кесті


Хатлон облыстық соты.
Хатлон облыстық соты.

Тәжікстанның Хатлон облыстық соты Кубодиен ауданының 60 жастағы тұрғыны Сафар Каримовті "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымына мүше болды деген айыппен 12 жылға соттады.

Сот үкімі қараша айында шыққан. Бұл жөнінде Тәжікстанның бас прокуратурасы хабарлады.

Тергеу материалындағы мәлімет бойынша, Сафар Каримов Ресейде жұмыс істеп жүріп, ДАИШ-қа (Ислам мемлекеті") кіріп, азаматтарды Сирия және Иранға барып, соғысуға тартқан.

Ол 2017 жылы Ресейдің Самара облысында ұсталған. Тергеушілердің айтуынша, ол тергеу абақтысында жатып та, азаматтарды ИМ-ға кіруге үгіттеген. Сол жылы Сафар Каримов Тәжікстанға депортацияланған.

Тәжік билігінің мәліметінше, 2013-2015 жылдары екі мыңға жуық азаматы ИМ-ға мүше болып, Сирия және Иранға соғысуға барған. Ол жақтан 220 әйел және бала отанына қайтарылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG