Accessibility links

Байден қорғаныс саласына 858 млрд доллар қаражат бөлуді қарастыратын жобаға қол қойды


Джо Байден
Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден 2023 жылы қорғаныс саласына 858 млрд доллар бөлуді қарастыратын жобаға қол қойды. Бұл 2022 жылдың бюджетімен салыстырғанда 80 млрд-қа көп.

Қаражаттың 800 миллионы – Украинаға бөлінеді, 6 миллиарды Еуропада Ресейді тежеу үшін жұмсалады.

10 млрд долларды Вашингтон Тайваньға әскери көмек ретінде береді.

Құжат ядролық қару алып жүре алатын B-21 шабуылдаушы ұшақ құрастыру бағдарламасын толық қаржыландыруды қарастырады. Жоба армияға тағы F-35 истребителінің 36 данасын сатып алуға рұқсат етеді. Флот жаңа кеме құрастыру үшін 32 млрд доллар қаражат алады.

Қорғаныс бюджетіне арналған жоба 4408 беттен құралған. 50 миллиард доллардан астам қаражат АҚШ-тағы әскери госпитальдар инфрақұрылымын жақсартуға бөлінеді. Әскери және азаматттық қызметкерлердің жалақысы 4,6 пайызға көбейеді.

XS
SM
MD
LG