Accessibility links

Ресейден Украинадағы соғысты тоқтатуын талап етуге Қазақстан неге қарсы деген сұраққа министр жауап бермеді


Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді
Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкіметте журналистер сұрағына жауап бермеді. Министр тілшілерге барлық қойғысы келген сұрақтарды баспасөз қызметіне жолдауға кеңес берді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды.

Журналистер БҰҰ-ның Ресейді Украинадағы соғысты тоқтатып, әскерін ол елден толық шығаруға үндейтін резолюциясына Қазақстан неліктен қарсы дауыс бергенін білгісі келіп, министрге сұрақ қойған еді.

БҰҰ резолюциясы "Уақытша басып алынған Қырым автономды республикасы мен Севастополь қаласындағы (Украина) адам құқығы ахуалы" деп аталады. 15 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған құжатты 82 ел қолдап дауыс берген. Қарсы болған 14 елдің арасында Қазақстан да бар. 80 мемлекет қалыс қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG