Accessibility links

Түркия ресейліктерге елде тұрақты тұруға рұқсат беретін виза беруді тоқтатты


Түркияға туристік мақсатта барып, сол жақта тұрақты тұру құқығын сұраған ресейліктердің өтініші 26 желтоқсаннан бастап кері қайтарыла бастады. Бұл туралы Vpost басылымы хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, Түркияға барып, пәтер жалдау келісімі негізінде тұрақты тұру құқығын алуды көздеген ресейліктерге құжат берілмей жатыр. Олардан 10 күн ішінде Түркиядан шығып кетуді талап ете бастаған.

Заңға сәйкес, ресейліктер Түркияда 60 күн визасыз жүре алады.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, Түркияға барған украиндарға отанында соғыс аяқталғанға дейін уақытша тұруға рұқсат әлі күшінде.

Қыркүйекте Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін кейбір елдер ресейліктерге виза беруді тоқтатқан. Мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдаудан Еуроодақ мүшелері Латвия, Эстония, Литва бас тартқан. Финляндия да еліне оралғысы келмейтін ресейліктерге виза бермейтін болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG