Accessibility links

Путин Георгий лентасын қорлағандарды жазалайтын заңға қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин Георгий лентасын қорлағандарды жауапқа тартатын заңға қол қойды. Құжат Ресейдің құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Заңға сай, бұл лентаны қорлағандарға 5 млн рубль (шамамен 31,3 млн теңге) айыппұл я бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құжатта Георгий лентасын тарихты еске алудан басқа шараларда қолдануға тыйым салынған. Бірақ билік лентаны "ірі шараларда қолдана алады".

Кремль Георгий лентасын 2000 жылдардың ортасында Ресейдің 1940-45 жылғы соғыстағы жеңісінің символы ретінде қолдана бастаған. Қазір Ресей билігі бұл лентаны пропагандаға, саяси оқиғаларда да жиі пайдаланады.

Лента сепаратистік Донбасс аймағының символы ретінде де қолданылады. Ресей Украинаның Қырым аймағын аннексиялап алғанда да түрлі шараларда осы лентаны ілген.

Георгий лентасы Украина, Молдова, Латвия және Литвада тыйым салынған. Бұл лента Қазақстанда 9 мамыр Жеңіс күнінде "Ажалсыз полк" шараларында қолданылады. Қазақстанда бұл лентаға ресми түрде тыйым салынбаса да, кейінгі кезде жұрт Георгий лентасының орнына Қазақстан туына ұқсас көкшіл ленталарды да тағып жүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG