Accessibility links

31 желтоқсанда күндіз Украинаға зымыранмен соққы жасалды


"Калибр" ракетасы
"Калибр" ракетасы

31 желтоқсанда Украинаның көп бөлігінде әуе дабылы іске қосылды. Ресей аумағынан зымырандар ұшырылғаны хабарланды.

Кейінгі үш күнде осымен екінші рет ракетамен жаппай соққы жасалып отыр

Киев, Винницкая, Харьков және Житомир облыстарында әуе шабуылынан қорғайтын жүйелер іске қосылғаны хабарланды. Киевте жарылыс естілген. Әзірге нақты бір нысандарға зымыран түскені жайлы хабар болған жоқ.

Бірнеше облыста, оның ішінде Днепропетровск, Одесса, Кировоград, Николаев облыстарында энергетиктер жарықты өшірген. Мамандардың түсіндіруінше, энергетика нысандарына соққы жасалса, бұл нысандардың азырақ бүлінуіне ықпал етеді.

10 қазаннан бастап Ресей әскері он күн сайын Украинаның энергетика нысандарына ракетамен соққы жасап келеді. Зымыран шабуылдарының нәтижесінде көптеген нысан қираған не бүлінген. Соның салдарынан жарық жаппай сөніп, кей жағдайда су мен жылу жүйесі де тоқтаған. Кейінгі апталарда тұрғын үйлерде жарық сөнуі жиілеген. Алайда энергия жүйесі толық өшкен жоқ, ақаумен болса да істеп тұр.

Британ барлау қызметінің 31 желтоқсанда жарияланған есебінде Ресей Украинаға тұрғындардың рухын сындыру үшін Жаңа жыл мерекесі кезінде де соққы жасауы мүмкін деп болжам жасаған.

XS
SM
MD
LG