Accessibility links

Путин: Берілуге болмайды, тек қана алға жүру керек


Ресей президенті Владимир Путиннің 2022 жылдың соңғы күні ресейліктерге үндеу жасаған видеосынан скриншот.
Ресей президенті Владимир Путиннің 2022 жылдың соңғы күні ресейліктерге үндеу жасаған видеосынан скриншот.

2022 жылдың соңғы күні Ресей президенті Владимир Путин әскери киімдегі бір топ адамның алдында тұрып халыққа жаңа жылдық үндеуін жасады. Ол аяқталып отырған жыл "ерлік пен қаһармандықты сатқындық пен сужүректіктен айқын ажыратқан", "ауыр, қажет шешімдер" жыл болғанын айтты.

Ресей әскері Путиннің бұйрығымен Украинаға басып кірген 2022 жылғы оқиғаларды Путин бірнеше рет "шешуші, бетбұрыс әкелген" деп атады. Путин Украинаның Ресей аннексиялаған төрт облысын "Ресейдің тарихи жері" деп атап, бұл жанжалда Мәскеу "адамгершілік жағынан дұрыс" істеп отыр деді.

Путин "арнайы әскери операцияға" (Ресей билігі өз азаматтарынан Украинаға қарсы соғысты осылай атауын талап етеді, "соғыс" деген сөз қолданғандар жауапқа тартылады – ред.) жаңа жылмен жеке құттықтап, өзінің артында әскери киімде тұрған адамдар да "арнайы әскери операцияға" қатысқандар екенін айтты.

Жаңа жылдық үндеуін Путин "тек қана алға" жүру және "жеңу" қажет деген сөздермен аяқтады.

Путиннің бұған дейінгі жаңа жылдық құттықтау сөздерінің барлығында (ең алғашқысынан басқа) оның арғы жағынан Кремль сұлбасы көрініп тұратын. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің бұл жолғы сөзі таспаға сенбі күні Ростов қаласындағы Оңтүстік әскери округ штабында жазылғанын айтты.

Сенбінің кешінде Ресейдің федералдық телеарналары Путин мен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың әскери қызметкерлермен сөйлесіп тұрған сәтін көрсетті. Онда Путин Ресейге "не барлығын беруге, немесе күресуге" тура келетінін айтады, бірақ "беруге болмайды, алға жүру керек" дейді. Сонымен бірге сенбі күні Путин Украинадағы Ресей әскери күштері қолбасшысы Сергей Суровикинді орденмен марапаттаған деген ақпарат тарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG