Accessibility links

Ресей Киевке ирандық "Шахид" дрондармен шабуыл жасағаны хабарланды


Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы. 31 желтоқсан 2022 жыл.
Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы. 31 желтоқсан 2022 жыл.

Украина билігі 2 қаңтарға қараған түні Ресей Киев қаласын ирандық "Шахид" дрондарымен атқылағанын хабарлады. Шабуылдан Киевтің энергетикалық инфраструктура объектілері зақымданып, 19 жастағы бала жарақаттанғаны айтылды.

Киев облысының әскери әкімшілігінің басшысы Алексей Кулеба "дрондар маңызды инфраструктура нысандарын нысанаға алды, әуе қорғанысы іске қосылды" деді.

Киев мэрі Виталий Кличко телеграмда Ресейдің дрондары Киевтегі энергетика инфраструктураларын бүлдірген соң қалада жарық өшкенін жазды. Су құбырлары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр.

2 қаңтарда Украинаның Днепропетровск және Запорожье облысына да дрон шабуылдағаны хабарланды. Украина билігінің хабарлауынша, екі облысқа ұшырылған алты "Шахид" дроны мен бір Х-59МК2 ракетасы құлатылған.

Украина қарулы күштерінің бас штабы бір түнде Ресей Украинаға 44 "Шахид" дронымен және 55 дүркіндете ататын реактивті жүйе арқылы 51 әуе шабуылын жасаған. Ал Украина әуе күштері ракетаға қарсы қорғаныс құралдары 2 қаңтарда Украинаға ұшқан ресейлік 30-дан аса дронды құлатқанын хабарлады.

Ресей Украинаға жасалған бұл шабуылдар жайлы ештеңе айтпады. Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG