Accessibility links

Ресей жоғарғы кеңесінің бұрынғы хатшысы Руслан Хасбулатов қайтыс болды


Руслан Хасбулатов.
Руслан Хасбулатов.

3 қаңтарда Мәскеу маңында Ресей жоғарғы кеңесінің бұрынғы хатшысы, ресейлік саяси қайраткер Руслан Хасбулатов 80 жасында қайтыс болды.

Құқық қорғаушы Александр Черкасов Фейсбукте саясаткерді жерлеу рәсімі 4 қаңтарда Шешенстанның Толстой-Юрт ауылында өтетінін жазды.

Руслан Хасбулатов 1942 жылы Грозныйда дүниеге келген. 1965 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Плеханов атындағы университетте дәріс оқыған. 1980 жылы экономика ғылымдарының докторы дәрежесіне диссертация қорғаған.

1990 жылдардың басында Хасбулатов РСФСР халық депутаты болып сайланды. 1991 жылы қазанда РСФСР жоғарғы кеңесінің 11-ші және ең соңғы хатшысы болды. 1991 жылы желтоқсанда Ресей тәуелсіз елге айналған соң парламент спикері қызметінде қалды.

Хасбулатов 1991 жылы "Тамыз бүлігіне" қарсы болған. Сол кезде ол "Ресей азаматтарына" үндеу жасап, бүлікті айыптаған.

1993 жылы Хасбулатов Александр Руцкиймен бірге сол кездегі президент Борис Ельциннің белсенді қарсыласы болған. Текетірестің соңы конституциялық дағдарысқа ұласып, ізінше Мәскеуде қарулы қақтығыс болды. Жоғарғы кеңес таратылып, Хасбулатов қамауға алынды. Кейін оқиғаның өзге қатысушыларымен бірге амнистиямен босатылды.

1994 жылы Хасбулатов Плеханов атындағы университеттің әлемдік экономика кафедрасына жетекшілік еткен.

2003 жылы Хасбулатов Шешенстан басшысы сайлауына қатысуға ниет білдіргенмен ақыры сайлауға қатысқан жоқ. 2021 жылы ол Рамзан Қадыровты қайта сайлауды қолдаған.

XS
SM
MD
LG