Accessibility links

Полиция белсенді Достияровты кішкентай қызымен бірге ұстап әкеткен соң құқық қорғаушылар бала құқығы бұзылғанын мәлімдеді

Полицияның белсенді Достияровты кішкентай қызымен бірге ұстап әкетпек болған сәті. Бақылау камерасынан алынған видеодан скриншот.
Полицияның белсенді Достияровты кішкентай қызымен бірге ұстап әкетпек болған сәті. Бақылау камерасынан алынған видеодан скриншот.

"Бала құқығын қорғау жөніндегі" қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс тобы 5 қаңтарда белсенді Абзал Достияровтың 4 жасар қызымен бірге ұсталғанына наразылық білдірді. Құқық қорғаушылар полицейлер бала құқығын бұзды деп мәлімдеді.

Достияров 5 қаңтарда таңертең кішкентай қызын балабақшаға апару үшін үйінен шыққан кезде ұсталған. Полицияның бірнеше қызметкері оны сүйрелеп, көлікке отырғызуға тырысқан. Белсенді полицейлерге әуелі қызын балабақшаға апаруға рұқсат берулерін сұраған, бірақ полицейлер келіспеген. Оны баласымен бірге лифтіден күшпен шығарған. Ұстау видеосы бақылау камерасына түсіп қалған.

"Тіпті полицейлер қыздың әкесі рұқсат етілмеген митингіге шығуға оқталып, құқық бұзушылық жасауға тырысты деген күннің өзінде бала әкесінің әрекеті үшін жауап бермеуі тиіс. Құқық қорғау орган қызметкерлері бала құқығын өрескел бұзған" деп жазылған жұмыс тобының мәлімдемесінде.

Достияровты полицейлер Әуезов аудандық полиция басқармасында шамамен бес сағат ұстаған. Баласы ол жақта шамамен бір жарым сағат болған. Кейін анасы келіп әкеткен. Ата-анасының хабарлауынша, кішкентай қыз оқиғадан шошып қалған, қазір көшеге шығуға қорқады.

"Бала құқығын қорғау жөніндегі" қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс тобы құзырлы органдарды оқиғаға араласып, бала құқығын бұзуға қатысы бар қызметкерлерді жазалауға шақырды.

Алматы қаласының полиция департаменті Достияровтың қызымен бірге ұсталуына түсініктеме бермеді. Белсендіге қандай да бір айып тағылмаған.

Митингілер қарсаңында белсенділерді үйлерінің алдында күтіп алып, жиынға жібермеу – Қазақстанда кеңінен таралған практика. Белсенділердің айтуынша, полицейлер оларды подъездерінің алдында сағаттап күтіп, сыртқа шығуларына мүмкіндік бермейді. Егер сыртқа шықса ұстайды.

Достияров ұсталған күні полиция "Демпартияның" тағы бірнеше өкілін ұстаған. Арасында Аружан Дүйсебаева мен Гүлнар Мирмамбетова бар. 5 қаңтарда "Демпартия" жақтастары Республика алаңына барып, Қаңтар құрбандарын еске алған.

• Бір жыл бұрын Алматыда үкіметке қарсы жаппай наразылық тәртіпсіздікке ұласып, күштік құрылымдар оқ атқан. Ресми мәлімет бойынша, қалада 151 адам мерт болған. Мемлекеттік органдардың хабарлауынша, елде Қаңтар оқиғасы кезінде кемінде 238 адам опат болған.
• 5 қаңтарда ондаған адам Тәуелсіздік монументі алдына жиналып, Қаңтар құрбандарына дұға бағыштап, марқұмдарды еске алды. Олар Қаңтар қантөгісі объективті тергелмегенін, халыққа оқ атқандар әлі жазаланбағанын айтты.

Алматыда бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды

Алматыдағы Респубика алаңында Қаңтар құрбандарын еске алу шарасы өтті. Осыдан тура бір жыл бұрын Алматының орталығындағы осы жерде үкіметке қарсы жаппай шеру өткен еді. Аяғы қантөгіске ұласқан Қаңтар оқиғасы кезінде, ресми дерек бойынша, 238 адам қаза тапқан
1/16 Алматыдағы Респубика алаңында Қаңтар құрбандарын еске алу шарасы өтті. Осыдан тура бір жыл бұрын Алматының орталығындағы осы жерде үкіметке қарсы жаппай шеру өткен еді. Аяғы қантөгіске ұласқан Қаңтар оқиғасы кезінде, ресми дерек бойынша, 238 адам қаза тапқан
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Биыл қаңтардың бесі күні ертемен Республика алаңының айналасын полиция қоршап тұрды. Қаланы қалың тұман басты. Былтырғы Қаңтар оқиғасының куәгерлері осыдан бір жыл бұрын да бірнеше күн бойы ауа райы осындай болды дейді.

"Тұман көрсем әлі күнге дейін көңіліме алаң кіреді" дейді бүгін Қаңтар құрбандарын еске алуға алаңға келген Әлия
2/16 Биыл қаңтардың бесі күні ертемен Республика алаңының айналасын полиция қоршап тұрды. Қаланы қалың тұман басты. Былтырғы Қаңтар оқиғасының куәгерлері осыдан бір жыл бұрын да бірнеше күн бойы ауа райы осындай болды дейді.

"Тұман көрсем әлі күнге дейін көңіліме алаң кіреді" дейді бүгін Қаңтар құрбандарын еске алуға алаңға келген Әлия
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі жанында өтетін бейбіт акцияға қатысу үшін балдаққа сүйеніп, баспалдақпен көтеріліп келе жатқан адам
3/16 Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі жанында өтетін бейбіт акцияға қатысу үшін балдаққа сүйеніп, баспалдақпен көтеріліп келе жатқан адам
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Алаңға жүз шақты адам жиналды, көбі саяси белсенділер
4/16 Алаңға жүз шақты адам жиналды, көбі саяси белсенділер
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Белсенді Әлнұр Илияшев (ортада) пен кәсіпкер Болат Әбілов (оң жақта) Қаңтар құрбандарын еске алу жиынында тұр.

– Өкінішке қарай, әзірше ешқандай өзгеріс байқалмайды, – деді Болат Әбілов. – Билік өзін және өз институттарын нығайтумен әуре. Еліміз қасіретті күндерді бастан өткерді. Жұрттың бәрі әділ, жан-жақты тергеу жүргізілгенін қалады, ол түсінікті де, бірақ ондай болған жоқ. Қазіргі билік отырғанда болмайды да. Халық алаңға неліктен шықты деген мәселе маңызды. "Шал, кет!" деп айғайлаған жұрт елге саяси өзгеріс қажет екенін, [экс-президент Нұрсұлтан] Назарбаевтың отбасымен, бүкіл мұрасымен қоса қарасы батқанын, бізге еркіндік, лайықты өмір керегін, өз тағдырымызға өзіміз ие болғымыз келетінін айтты. Ондай ештеңе болмады.
5/16 Белсенді Әлнұр Илияшев (ортада) пен кәсіпкер Болат Әбілов (оң жақта) Қаңтар құрбандарын еске алу жиынында тұр.

– Өкінішке қарай, әзірше ешқандай өзгеріс байқалмайды, – деді Болат Әбілов. – Билік өзін және өз институттарын нығайтумен әуре. Еліміз қасіретті күндерді бастан өткерді. Жұрттың бәрі әділ, жан-жақты тергеу жүргізілгенін қалады, ол түсінікті де, бірақ ондай болған жоқ. Қазіргі билік отырғанда болмайды да. Халық алаңға неліктен шықты деген мәселе маңызды. "Шал, кет!" деп айғайлаған жұрт елге саяси өзгеріс қажет екенін, [экс-президент Нұрсұлтан] Назарбаевтың отбасымен, бүкіл мұрасымен қоса қарасы батқанын, бізге еркіндік, лайықты өмір керегін, өз тағдырымызға өзіміз ие болғымыз келетінін айтты. Ондай ештеңе болмады.
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Алаңдағы еске алу шарасына қатыспақшы болған белсенділердің кейбірін бұл жерге жеткізбеді. Тіркелмеген Демократиялық партия белсендісі Инга Иманбай пікірлес серіктері Аружан Дүйсебаева, Гүлнар Мирмамбетова мен Абзал Достияровты бүгін таңертең полиция күштеп әкеткенін айтады.

– Абзалды төрт жасар қызымен қоса ұстады, – дейді Инга. – Ол таңертең қызын балабақшаға апарып, содан кейін алаңға келмекші болған. Бірақ лифтіге кірген сәтте сол жерде күтіп тұрғандар ұстаған. Қызының көзінше сабап, баласымен қоса полиция бөлімшесіне жеткізген. Сосын әйеліне телефон шалып, қызыңды алып кет деп айтқан. Төрт жасар қызды бір сағат бойы полиция бөлімшесінде ұстаған!
6/16 Алаңдағы еске алу шарасына қатыспақшы болған белсенділердің кейбірін бұл жерге жеткізбеді. Тіркелмеген Демократиялық партия белсендісі Инга Иманбай пікірлес серіктері Аружан Дүйсебаева, Гүлнар Мирмамбетова мен Абзал Достияровты бүгін таңертең полиция күштеп әкеткенін айтады.

– Абзалды төрт жасар қызымен қоса ұстады, – дейді Инга. – Ол таңертең қызын балабақшаға апарып, содан кейін алаңға келмекші болған. Бірақ лифтіге кірген сәтте сол жерде күтіп тұрғандар ұстаған. Қызының көзінше сабап, баласымен қоса полиция бөлімшесіне жеткізген. Сосын әйеліне телефон шалып, қызыңды алып кет деп айтқан. Төрт жасар қызды бір сағат бойы полиция бөлімшесінде ұстаған!
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Белсенділер сөз сөйлегеннен кейін, Тәуелсіздік ескерткішінің түбіне гүл мен Қаңтар құрбандарының тізімі жазылған парақ қойды.
7/16 Белсенділер сөз сөйлегеннен кейін, Тәуелсіздік ескерткішінің түбіне гүл мен Қаңтар құрбандарының тізімі жазылған парақ қойды.
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Арада біршама уақыт өткен кезде әлдекім жаңағы тізімнің үстіне былтыр 5 қаңтарда Алматыда қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің курсанты Мейірхан Бітімнің суретін қойып кетті
8/16 Арада біршама уақыт өткен кезде әлдекім жаңағы тізімнің үстіне былтыр 5 қаңтарда Алматыда қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің курсанты Мейірхан Бітімнің суретін қойып кетті
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Тәуелсіздік ескерткішіне былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде тиген оқтың ізі
9/16 Тәуелсіздік ескерткішіне былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде тиген оқтың ізі
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Тәуелсіздік ескерткіші қасында сөйлеп тұрған белсенді
10/16 Тәуелсіздік ескерткіші қасында сөйлеп тұрған белсенді
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Белсенділер сөйлеп болғаннан кейін жиналған жұрт Қаңтар құрбандарына құран бағыштады
11/16 Белсенділер сөйлеп болғаннан кейін жиналған жұрт Қаңтар құрбандарына құран бағыштады
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Тәуелсіздік ескерткіші жанында құран оқылғаннан кейін шелпек таратып жүрген әйел
12/16 Тәуелсіздік ескерткіші жанында құран оқылғаннан кейін шелпек таратып жүрген әйел
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Бейсенбі күні таңертең еске алу акциясы өткен Республика алаңы аумағында сымсыз интернет байланысы ажырап қалды. Ал осы тұстан өтетін Сәтбаев көшесінің жоғарғы жағында бірнеше жолаушы автобусы тұрған еді. Әдетте полиция осындай көлікті билік рұқсат бермеген бейбіт митингіге қатысқандарды күштеп салып, алып кетуге пайдаланатын. Бірақ бүгін бұл автобустарды адамдарды полиция бөлімшесіне емес, қаладағы бірнеше мешітке апаруға сайлап қойыпты.
13/16 Бейсенбі күні таңертең еске алу акциясы өткен Республика алаңы аумағында сымсыз интернет байланысы ажырап қалды. Ал осы тұстан өтетін Сәтбаев көшесінің жоғарғы жағында бірнеше жолаушы автобусы тұрған еді. Әдетте полиция осындай көлікті билік рұқсат бермеген бейбіт митингіге қатысқандарды күштеп салып, алып кетуге пайдаланатын. Бірақ бүгін бұл автобустарды адамдарды полиция бөлімшесіне емес, қаладағы бірнеше мешітке апаруға сайлап қойыпты.
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Бұл күні Республика алаңының жоғарғы жағында, қала әкімдігінің экс-президент Назарбаев атындағы даңғылға қарайтын бүйірінде орналасқан, Қаңтар құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалында да бұл күні еске алу шарасы өтті. Оны белсенділер емес, жергілікті билік ұйымдастырды
14/16 Бұл күні Республика алаңының жоғарғы жағында, қала әкімдігінің экс-президент Назарбаев атындағы даңғылға қарайтын бүйірінде орналасқан, Қаңтар құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалында да бұл күні еске алу шарасы өтті. Оны белсенділер емес, жергілікті билік ұйымдастырды
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Мемориалда өткен шараға шенеуніктермен бірге былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде құрбан болған адамдардың туған-туыстары да қатысты
15/16 Мемориалда өткен шараға шенеуніктермен бірге былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде құрбан болған адамдардың туған-туыстары да қатысты
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
"Тағзым" мемориалына қойылғна гүл. Былтыр 23 желтоқсанда осы мемориалды арнайы шақырылған адамдардан тұратын шағын топ қатысқан шарада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан еді. Ескерткіште Қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың аты-жөні жоқ. Оның орнына қара, ақ және сұр түсті қабырғаларға қазақ халқының белгілі ақын-жазушы, би-шешендері мен қоғам қайраткерлерінің нақыл сөздері жазылған.
16/16 "Тағзым" мемориалына қойылғна гүл. Былтыр 23 желтоқсанда осы мемориалды арнайы шақырылған адамдардан тұратын шағын топ қатысқан шарада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан еді. Ескерткіште Қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың аты-жөні жоқ. Оның орнына қара, ақ және сұр түсті қабырғаларға қазақ халқының белгілі ақын-жазушы, би-шешендері мен қоғам қайраткерлерінің нақыл сөздері жазылған.
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG