Accessibility links

АҚШ Украинаға шамамен 3 млрд доллар әскери көмек береді. Киев Bradley, зениттік Sea Sparrow ракеталарын алады


АҚШ билігі Украинаға құны шамамен 3 млрд доллар болатын әскери көмек беретінін ресми түрде мәлімдеді. Оған алғаш рет жаяу әскерге арналған Bradley әскери техникасы, өздігімен жүретін артиллериялық қондырғылар және зениттік Sea Sparrow ракеталары кіреді, деп хабарлады АҚШ қорғаныс министрлігі.

Көмек аясында Украинаға Пентагон қоймаларынан қару-жарақтар беріледі, 285 миллион доллары Украина қарулы күштерін жаңартуға жұмсалады.

Жаңа пакет аясында Украинаға берілетін қару-жарақ арасында төмендегідей қару түрлері бар:

  • Жаяу әскерге арналған Bradley көлігінің 50 данасы;
  • Танкілерді жоятын ракеталардың 500 данасы және 25 мм калибрлі 250 мың снаряд;
  • М113 бронды техниканың 100 данасы;
  • 155 мм калибрлі өздігімен жүретін гаубицаның 18 данасы мен оған қажет тиісті техника;
  • 4 мың Zuni авиаракетасы;
  • Жолсыз жерлермен жүретін HMMWV көлігінің 18 данасы;
  • 155 мм калибрлі артиллериялық снарядтардың 70 мың данасы;
  • Танкілерді жоятын 2 мың ракета;
  • HIMARS'қа қосымша оқ-дәрі;
  • Зениттік Sea Sparrow ракеталары және тағы басқа.

Пакетте сонымен бірге снайперлік винтовкалар, пулеметтар, жаяу әскердің көзін жоятын Claymore миналары, түнде көретін құрылғылар бар.

Бұған дейін АҚШ және Германия билігі Украинаға әскери көмек аясында Bradley және Marder әскери техникаларының ондаған данасын беруге келіскен. Байден мен Шольц сонымен бірге Украинаға әуе шабуылынан қорғайтын, зымырандарды жоятын жүйелерді жеткізуге уағдаласқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG