Қазақтар Украинада киіз үй тікті. Мәскеу Астананы мәлімдеме жасауға үндеді
Бір топ қазақстандық ерікті соғыс жайлаған Украинаның алты қаласына киіз үй тігіп жатыр. Алғашқысы Буча қаласында бой көтерді. Еріктілер жобасы туралы ақпарат тараған тұста Мәскеу Астананы бұл бастама туралы мәлімдеме жасауға шақырды.