Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі Соледарға бақылау орнатқанын мәлімдеді


Соледар қаласы. 11 қаңтар 2023 жыл.
Соледар қаласы. 11 қаңтар 2023 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Донецк облысындағы Соледар қаласын алдық деп мәлімдеді. Ведомства Ресей әскері қалаға 12 қаңтар кешке бақылау орнатты дейді. Ресми Киев Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі жайлы әзірге ештеңе демеді.

Ресей тарабы Соледарды алу Бахмуттағы Украина әскеріне қажетті заттар мен қару жеткізетін жолды кеседі деп санайды. Қазір Донецк облысындағы Бахмут қаласы үшін де талас жүріп жатыр.

Ресей қорғаныс министрлігі Соледар үшін шайқасқа "Вагнер" жалдамалы тобы қатысқаны жайлы ештеңе демеді. "Вагнердің" иесі Евгений Пригожин 11 қаңтарда Соледар алынды деген.

Украина әскерінің "Восток" бөлімінің өкілі Сергей Череватый Ресей қорғаныс министрлігінің Соледар қаласы алдынды деген мәлімдемесін жоққа шығарады. Ал Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр бүгін, 13 қаңтар таңертең телеграмда "Соледарда түнімен шайқас жүрді, Украина әскері Ресейдің шабуылына тойтарыс берді" деп жазған.

Кеше, 12 қаңтарла ресейлік телеграм каналдар Соледардың орталығынан видеолар жариялаған. Одан қаланың орталығы ресейліктердің бақылауында екенін байқауға болады.

Америкалық Соғысты зерттеу институты (ISW) 12 қаңтарда жариялаған хабарламасында "Ресей әскері Соледар қаласын басып алу мақсатына жеткен сияқты, бірақ бұл Бахмут қаласын қоршауға жол аша қоймайды" деген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG