Accessibility links

Литва – Латвия газ құбырында жарылыс болды


13 қаңтарда Литва мен Латвияны жалғайтын магистралды газ құбырында жарылыс болды. Жарылыс ірі өртке ұласып, биіктігі 50 метрге жеткен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барған. Шамамен 200 адам тұратын жақын жердегі ауыл тұрғындары эвакуацияланған. Жарылыстың неден болғаны белгісіз.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.

Газ желісінің операторы литвалық Amber Grid'тің хабарлауынша, мұнда газ тасымалдау жүйесі екі параллель газ құбырынан тұрады. Жарылыстан бүлінген тармақта газ беру тоқтатылған, екіншісі қалыпты режимде дұрыс істеп жатыр.

Amber Grid басшысы Немунас Бикниус алғашқы тексеру кезінде әдейі жару белгілері байқалмағанын, алайда оқиғаның мән-жайы тергеуден кейін белгілі болатынын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG