Accessibility links

Днепрде Ресей зымыраны қиратқан үйде құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр

Құтқару шараларына 550-ден астам адам жұмылған. Көпқабатты үйдің 72 пәтері қирап, 230-ы бүлінген. Қаза тапқандар саны 35-ке жетті, олардың арасында екі бала бар. 35 адамның тағдыры белгісіз.

Днепропетровск облысы әкімшілігінің басшысы Валентин Резниченконың айтуынша, 39 адам құтқарылған, 75 адам жарақат алған, оның ішінде 14 бала бар. Құтқару жұмыстарының жүріп жатқанына 40 сағаттан асты.

Сенбі, 14 қаңтар күні Ресей күштері Украинаның Днепр қаласына шабуылдап, оған ондаған түрлі зымыран ұшырған. Көпқабатты үйге түскені бомбалаушы ұшақтан тасталған X-22 зымыраны. Мұндай зымырандар әуе техникасын тасымалдайтын теңіз объектілеріне қарсы қолданылады.

Ресей қорғаныс министрлігі болса, "Украина әскери бақылау жүйесі мен соған қатысы бар энергетика объектілерін қиратқанын" хабарлап отыр.

«Белгіленген объектілердің бәрін қираттық. Соққы мақсатына жетті» деді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG