Accessibility links

Днепр қаласында Ресейдің зымыран шабуылынан қаза тапқандар 40 адамға жетті

Ресейдің зымыран шабуылынан қираған көпқабатты тұрғын үй. Днепр, Украина, 14 қаңтар 2023 жыл
Ресейдің зымыран шабуылынан қираған көпқабатты тұрғын үй. Днепр, Украина, 14 қаңтар 2023 жыл

Ресей зымыраны түсіп, тұтас бір подъезі түгел қираған Украинаның Днепр қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті. Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметі хабарлады. Мұның алдында 35 адам мерт болды деген ақпарат тараған еді.

Кейінгі мәліметке қарағанда, қаза болғандар арасында үш бала бар, тағы отызға жуық адамның тағдыры әлі белгісіз.

Қираған үйдің орнынан 39 адам құтқарылған. Жарылыс салдарынан жараланған 75 адамның арасында 14 бала бар.

Днепрде Ресей зымыраны қиратқан үйде құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр

Жедел жәрдем қызметкерлері қираған көпқабатты үйдің орнында жұмыс істеп жатыр. Днепр, Украина, 15 қаңтар 2023 жыл.
1/8 Жедел жәрдем қызметкерлері қираған көпқабатты үйдің орнында жұмыс істеп жатыр. Днепр, Украина, 15 қаңтар 2023 жыл.
Құтқару қызметінің мамандары қиранды астынан адамдарды іздеп жатыр. 15 қаңтар 2023 жыл.
2/8 Құтқару қызметінің мамандары қиранды астынан адамдарды іздеп жатыр. 15 қаңтар 2023 жыл.
Құтқару шараларына 550-ден астам адам жұмылдырылған. Үйдің 72 пәтері қирап, 230-ы бүлінген.
3/8 Құтқару шараларына 550-ден астам адам жұмылдырылған. Үйдің 72 пәтері қирап, 230-ы бүлінген.
Ресей зымыраны қиратқан үйге келген Днепр тұрғындары.
4/8 Ресей зымыраны қиратқан үйге келген Днепр тұрғындары.
Пәтерден тұрғынды алып шығу кезі. Жергілікті биліктің айтуынша, 39 адамды құтқарып үлгерген, оның арасында алты бала бар. Қаза тапқаны расталғандар саны 35-ке жетті
5/8 Пәтерден тұрғынды алып шығу кезі. Жергілікті биліктің айтуынша, 39 адамды құтқарып үлгерген, оның арасында алты бала бар. Қаза тапқаны расталғандар саны 35-ке жетті
Құтқарушылар қиранды астынан кісінің мәйітін тауып алды.
6/8 Құтқарушылар қиранды астынан кісінің мәйітін тауып алды.
Құтқару қызметі аман алып шыққан мысығын ұстап тұрған әйел.
7/8 Құтқару қызметі аман алып шыққан мысығын ұстап тұрған әйел.
Жергілікті тұрғындар құтқару қызметкерлеріне көмекке келіп жатыр.<br />
<br />
Днепрдегі шабуылдан кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей азаматтарына үндеу жолдады.<br />
<br />
&quot;Сіздер қорқақтық танытып үндемей отырғанда, террористер соңында сіздерге де келеді. Зұлымдық қорқақтықты жақсы сезеді, зұлымдық өзінен қорқатындарды есте сақтап, саудаласып қалуға тырысады. Сол зұлымдық сіздерге келгенде сіздерде қорғайтын ешкім болмайды&quot; деді ол.
8/8 Жергілікті тұрғындар құтқару қызметкерлеріне көмекке келіп жатыр.

Днепрдегі шабуылдан кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей азаматтарына үндеу жолдады.

"Сіздер қорқақтық танытып үндемей отырғанда, террористер соңында сіздерге де келеді. Зұлымдық қорқақтықты жақсы сезеді, зұлымдық өзінен қорқатындарды есте сақтап, саудаласып қалуға тырысады. Сол зұлымдық сіздерге келгенде сіздерде қорғайтын ешкім болмайды" деді ол.
Previous slide
Next slide

14 қаңтар, сенбі күні Ресей қарулы күштері Украинаның Днепр қаласына шабуылдап, ондаған түрлі зымыран ұшырған. Көпқабатты тұрғын үйге бомбалаушы ұшақтан тасталған X-22 зымыраны түскен. Мұндай зымырандар әуе техникасын тасымалдайтын теңіз объектілеріне қарсы қолданылады.

Батыс елдері Ресейдің тұрғын үйге шабуылдап, бейбіт адамдарды қырып-жойғанын айыптады.

XS
SM
MD
LG