Accessibility links

Қазақ тілі туралы айтып, дауға қалған кәсіпкер Мухоряповқа қатысты қозғалған іс тоқтатылды


Рамиль Мухоряпов.
Рамиль Мухоряпов.

Былтыр қазанда қазақ тілі туралы айтқаннан кейін үстінен іс қозғалған кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты тергеу тоқтатылды. Бұл жөнінде Алматы прокуратурасына сүйенген Tengrinews агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Алматы полиция департаменті Рамиль Мухоряповтың айтқанына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, оның сөзінде әлеуметтік, ұлттық, тектік алауыздық қоздыру белгілері бар-жоғын тексерген. Полиция "қылмыс құрамы болмағандықтан" істі тоқтатқан.

Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев прокуратура процестік шешіммен келіскенін хабарлады.

Былтыр қазанда Chocofamily Holding негізін қалаушы қазақстандық кәсіпкер Рамиль Мухоряпов елге келген Ресей азаматтары алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанда орыс тілін біле тұра қазақ тілінде сөйлегендерді сынап, мұны "ұлтшылдық пен мәдениетсіздіктің белгісі" деп атаған. Кәсіпкер сөзін желі қолданушылары қатаң сынға алып, компанияның қызметін пайдаланудан бас тарту науқаны да басталған. Ізінше кәсіпкердің кешірім сұраған видеосы жарияланып, компания өкілдері жыл соңына дейін сервистерін қазақшалауға уәде берген.

Қазанның аяғында Мухоряповтың тіл туралы айтқанына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Chocofamily Holding компаниясының негізін қалаушы, 37 жастағы Рамиль Мухоряпов Forbes мәліметінше, 2021 жылы Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкер қатарына енген. Маусым айында "Отбасы банк" (бұрынғы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі") АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірген.

Қарай отырыңыз: "Қазақтың наны тәтті, тілі жаман ба?" Өткір сынға қалған Мухоряпов кешірім сұрады (21 қазан 2022 жыл).

"Қазақтың наны тәтті, тілі жаман ба?" Өткір сынға қалған Мухоряпов кешірім сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:01 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG