Accessibility links

Шымбұлақта үшқабатты рестобар өртенді


Рестобардағы өрт. "Шымбұлақ" кешені, Алматы, 29 қаңтар, 2023 жыл.
Рестобардағы өрт. "Шымбұлақ" кешені, Алматы, 29 қаңтар, 2023 жыл.

29 қаңтарда сағат 5.30 шамасында Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты кешенінде үшқабатты "Облако" рестобары өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 8.30-да сөндірілді. Өрт аумағы – 800 шаршы метр.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндіру техникасы оқиға болған жерге көтеріле алмағандықтан, өртке қарсы ішкі крандар қолданылған. Өрт сөндіру кезінде қар генераторы да пайдаланылды. Ешкім зардап шекпеген.

"Жеке құрам техникамен Шымбұлаққа барды, әрі қарай фуникулермен оқиға орнына көтерілді... Өрт сөндіру техникасы кіретін жол болмағандықтан, өрт гидранттар арқылы сөндірілді" деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG