Accessibility links

Иранда жер сілкініп, 800-ден астам адам зардап шекті


Жер сілкінісінен қираған үйлердің бірі. Иран, 28 қаңтар, 2023 жыл.
Жер сілкінісінен қираған үйлердің бірі. Иран, 28 қаңтар, 2023 жыл.

Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзербайжан провинциясында жер сілкініп, 816 адам зардап шекті, үшеуі қаза болған. Бұл жөнінде провинция губернаторы Мұхаммед Садег Мотамедянға сүйенген IRNA агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 124 адам ауруханаға жатқызылған. Бұған дейін билік екі қала мен 70 ауылдағы тұрғын үйлердің біраз бөлігі (20-50 пайыз аралығында) қирағанын хабарлаған.

28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде болған жер сілкінісінің магнитудасы – 5,9. IRNA-ның мәліметінше, жер тербелісін провинция тұрғындарының көбі сезген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG