Accessibility links

Әзербайжан Ирандағы елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялайды


Әзербайжанның Тегерандағы елшілігі.

Әзербайжан 29 қаңтарда Ирандағы елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялайды. Бұл жөнінде Әзербайжан сыртқы істер министрлігіне сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

27 қаңтарда қару ұстаған ер адам елшіліктің күзет бекетін атқылап, соның салдарынан қауіпсіздік қызметінің бастығы қаза болған, екі күзетші жараланған.

Tasnim агенттігінің жазуынша, қару ұстаған ер адам елшілікке екі баласымен кірген. Ұсталғаннан кейін шабуылдаушы атқылауға "жеке және отбасы мәселелері түрткі болғанын" айтқан.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарулы шабуылды теракт деп атаған. Тегеранда осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптап, Әзербайжан халқына және қаза болған елшілік қызметкерінің отбасына көңіл айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG