Қарақалпақстандағы наразылыққа байланысты 22 адамға үкім шықты
31 қаңтар күні Өзбекстанның Бұхара қаласында былтырғы Нөкіс оқиғасына қатысы бар деп көрсетілген 22 адамға үкім шықты. Ең ауыр жазаны журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов алды. Сот оны 16 жыл түрмеге жапты.