Accessibility links

Сахнада бас сүйек ұстап сөйлеген Игорь Мангушевтің басына Луганскіде оқ тиген


Украинаның Луганск облысында саясат технологі, Ресей армиясының офицері Игорь Мангушевтің басына оқ тиіп, ауыр жараланған. Мангушев былтыр жазда қолына сахнаға "кісі қолынан өлген украин жауынгерінің бас сүйегін ұстап шығып", "танылған".

Оның жараланғанын Telegram-дағы Мангушевтің арнасы, сонымен бірге Украинада соғыстан хабар таратып жүрген өзге де ресейлік арналар хабарлады. Telegram-дағы арналарда "жараланған Мангушевтің суреттері" де жарияланды. Оның ауруханаға түскенін "РИА Новости" және басқа ақпарат құралдары хабарлады.

Бас сүйек ұстап тұрған Игорь Мангушев.
Бас сүйек ұстап тұрған Игорь Мангушев.

Ақпаратқа қарағанда, басына оқ тиген Мангушев Стаханов қаласының нейрохирургия бөліміне жеткізілген. Оның жағдайы "тұрақты ауыр" деп айтылады.

Мангушев соғыста жараланбаған деп айтылады. "МИГ" Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Стаханов маңындағы блокбекетте болған. Мангушевке жақын жерден оқ атылған. Оған кім оқ атуы мүмкін екені әзірше хабарланбады.

Мангушевтің бас сүйек ұстап, сахнада сөйлеп тұрғаны туралы видео былтыр тамызда тараған. Мангушев сол кезде орыстар "Украинаның Ресейге қарсы шығу идеясымен күресіп жатқанын және осы идеяны ұстанатындардың бәрін өлтіру керек" деп мәлімдеген. Оның сөзінше, қолындағы бас сүйек Мариупольға штурм жасау кезінде өлген украин солдатына тиесілі. Бұл тұжырым расталған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG