Accessibility links

"8 наурызда әйелдерге гүл емес, құқығын қорғауға мүмкіндік керек". Феминистер әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті

8наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап еткен митинг. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл.
8наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап еткен митинг. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл.

5 ақпанда Алматыда феминистер әкімдіктен 8 наурызда шеру мен митинг өткізуге рұқсат беруді талап етіп, митинг өткізді. Оған 100-ден астам адам қатысты.

Жиналғандар әкімдік 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермегеніне наразы. Олардың басты ұрандары "8 наурызда әйелдер шеруі өтуі керек", "Шеру болсын", "Біз қарапайым халықпыз", "Үндемей қалма, төзбе, айт, сөйле", "Әкімдік, сылтау айтпа", "Әкімдік, біздің айтарымыз бар" болды.

"Конституцияда "шеру мен митингіге арналған орындар бос емес" немесе "жөндеу жұмыстары жүріп жатыр" деген себептер [бейбіт жиынға] шектеу болатыны жазылмаған. Бейбіт жиындарға арналған арнайы орын сұрау туралы норма жойылуы керек. Әкімдіктер ұйымдастырушыларға бейбіт жиын өткізуге көмектесіп, оларға кедергі жасамауы керек. Әсіресе әйелдер өткізетін бейбіт жиында қауіпсіздікті сақтау мемлекеттің тікелей міндеті болуы керек. 8 наурыздағы әйелдер шеруі өтуі керек" деп жазылған митинг қарарында.

Қарарға митингіге келген 115-тен астам адам қол қойды.

Жиналғандар алдында сөйлеген спикерлердің көбі қоғамдағы әйелдер теңсіздігі мен олардың зорлық-зомбылық көруін, саясаттағы орнын айтты.

Қызылордадан келген белсенді Жәмила Қасымхан өзі келген аймақтағы үш әйелдің оқиғасын баяндады. Ол 8 наурызда әйелдерге гүл емес, құқығын қорғауға мүмкіндік беру керек деп есептейді.

– Қызылордада болған үш жағдайды айтып бергім келеді. Ажар Шадиева туған күнінде күйеуінің қолынан қаза тапты, Аруна күйеуінің соққысынан мүгедек болып қалды, ал Айнұр жұмыс орнында зорланды. Бұл – кішкентай қалада белгілі болған оқиғалар. Бірақ айтылмаған жайттар Қазақстанның әр қаласында күнде болып жатыр. Қанша әйелдің жанайқайы жабық есіктердің артында естілмей жатыр. Жылына бір рет гүл, сыйлық беріп, бізді және өздеріңізді алдаудың қажеті жоқ. Біз сыйлыққа емес, құқығымызды қорғауға мұқтажбыз. 8 наурыз үнсіз қалған әр әйелдің жанайқайын жеткізетін мүмкіндік. Сондықтан әр әйелдің дауысы естілуі керек, – деді ол көпшілікке.

"Әкімдік, сылтау айтпа!" Алматыда 100-ден астам адам әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті

5 ақпан, жексенбіде Алматыдағы Ганди паркіне 100-ден астам адам жиналды.
1/20 5 ақпан, жексенбіде Алматыдағы Ганди паркіне 100-ден астам адам жиналды.
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Жиналғандар 8 наурызда әйелдер шеруін өткізуге рұқсат беруді талап етті. 
2/20 Жиналғандар 8 наурызда әйелдер шеруін өткізуге рұқсат беруді талап етті. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Бұған дейін әкімдік белсенділерге 8 наурызда басқа ұйымның шарасы өтетінін айтып, &quot;әйелдер шеруін өткізу&quot; туралы өтінішті <strong><a href="https://www.azattyq.org/a/32238969.html" target="_self">қабылдамаған болатын</a></strong>. Жексенбілік митинг кезінде белсенділер сол шешімді сынады. &quot;Марш болсын&quot; және &quot;феминистерге орын табылмай ма?&quot; деген жазуы бар плакат ұстаған екі белсенді. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл.&nbsp;
3/20 Бұған дейін әкімдік белсенділерге 8 наурызда басқа ұйымның шарасы өтетінін айтып, "әйелдер шеруін өткізу" туралы өтінішті қабылдамаған болатын. Жексенбілік митинг кезінде белсенділер сол шешімді сынады. "Марш болсын" және "феминистерге орын табылмай ма?" деген жазуы бар плакат ұстаған екі белсенді. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
&quot;Феминита&quot; бастамасының негізін қалаушы Жанар Секербаева (оң жақтан үшінші тұр) &quot;әйелдер қайғы-мұңын қоғамға жеткізгісі келеді, сондықтан белсенділер биліктің шеруге тыйым салуына рұқсат етпейді&quot; деді.&nbsp;
4/20 "Феминита" бастамасының негізін қалаушы Жанар Секербаева (оң жақтан үшінші тұр) "әйелдер қайғы-мұңын қоғамға жеткізгісі келеді, сондықтан белсенділер биліктің шеруге тыйым салуына рұқсат етпейді" деді. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Жиналғандар алдында сөйлеген спикерлердің көбі қоғамдағы әйелдер теңсіздігі мен олардың зорлық-зомбылық көруін, саясаттағы орнын айтты. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл.&nbsp;
5/20 Жиналғандар алдында сөйлеген спикерлердің көбі қоғамдағы әйелдер теңсіздігі мен олардың зорлық-зомбылық көруін, саясаттағы орнын айтты. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Қызылордадан келген белсенді Жәмила Қасымхан &quot;8 наурызда әйелдерге гүл емес, құқығын қорғауға мүмкіндік беру керек&quot; деді.&nbsp;
6/20 Қызылордадан келген белсенді Жәмила Қасымхан "8 наурызда әйелдерге гүл емес, құқығын қорғауға мүмкіндік беру керек" деді. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Белсенділер алашордалықтар айтып кеткен әйел теңдігі Қазақстанда әлі ескерілмей жатыр деп есептейді. &quot;Әкімдік, әйелдерге жол бер!&quot;, &quot;Үнсіз қалма, шыдама, айт!&quot; деген жазуы бар плакат ұстаған белсенділер.&nbsp;
7/20 Белсенділер алашордалықтар айтып кеткен әйел теңдігі Қазақстанда әлі ескерілмей жатыр деп есептейді. "Әкімдік, әйелдерге жол бер!", "Үнсіз қалма, шыдама, айт!" деген жазуы бар плакат ұстаған белсенділер. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіде гендерлік теңдік мәселесі де айтылды. Белсенділердің ойынша, елде әйел саясаткерлер аз болғандықтан, олардың құқықтары да қорғалмай отыр. Суретте &ndash; &quot;Марш болсын&quot; деген жазуы бар плакат ұстаған қыз.&nbsp;
8/20 Митингіде гендерлік теңдік мәселесі де айтылды. Белсенділердің ойынша, елде әйел саясаткерлер аз болғандықтан, олардың құқықтары да қорғалмай отыр. Суретте – "Марш болсын" деген жазуы бар плакат ұстаған қыз. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіге келгендер.
9/20 Митингіге келгендер.
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіге келгендердің бірі &quot;Әйел, өмір, еркіндік!&quot; деген жазуы бар плакат ұстап тұр. Мұндай ұран былтыр қыркүйекте Иранда құқық қорғаушы Махса Әмини өлімінен кейін тұтанған <strong><a href="https://www.azattyq.org/a/32049395.html" target="_self">наразылық</a></strong> кезінде жиі айтылды. Наразылыққа қатысушылар әйел құқығын қорғауды талап етіп, полицияның күш қолдануына қарсылық білдірген.&nbsp;
10/20 Митингіге келгендердің бірі "Әйел, өмір, еркіндік!" деген жазуы бар плакат ұстап тұр. Мұндай ұран былтыр қыркүйекте Иранда құқық қорғаушы Махса Әмини өлімінен кейін тұтанған наразылық кезінде жиі айтылды. Наразылыққа қатысушылар әйел құқығын қорғауды талап етіп, полицияның күш қолдануына қарсылық білдірген. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіге келгендер.
11/20 Митингіге келгендер.
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
&quot;Мемлекет мені зорлық-зомбылықтан қорғағанын қалаймын&quot; деген жазуы бар плакат ұстаған қыз. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл.&nbsp;
12/20 "Мемлекет мені зорлық-зомбылықтан қорғағанын қалаймын" деген жазуы бар плакат ұстаған қыз. Алматы, 5 ақпан, 2023 жыл. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіні ұйымдастырушылардың бірі &ndash; белсенді Фариза Оспан.
13/20 Митингіні ұйымдастырушылардың бірі – белсенді Фариза Оспан.
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
&quot;Біз қарапайым халықпыз&quot; деген жазуы бар плакат ұстаған адам. Бұл Қаңтар оқиғасы кезінде Республика алаңына бейбіт түрде шыққан халықтың қолында болған үлкен плакатпен үндеседі. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде алаңға шыққандардың көбі оққа ұшқан. Қанды Қаңтар кезінде кемінде 238 адам опат болды.&nbsp;
14/20 "Біз қарапайым халықпыз" деген жазуы бар плакат ұстаған адам. Бұл Қаңтар оқиғасы кезінде Республика алаңына бейбіт түрде шыққан халықтың қолында болған үлкен плакатпен үндеседі. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде алаңға шыққандардың көбі оққа ұшқан. Қанды Қаңтар кезінде кемінде 238 адам опат болды. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіге келгендер.&nbsp;
15/20 Митингіге келгендер. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіге жиналғандар.&nbsp;
16/20 Митингіге жиналғандар. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіде &quot;Бізге хан керек емес&quot; деген жазуы бар газет те байқалды.&nbsp;
17/20 Митингіде "Бізге хан керек емес" деген жазуы бар газет те байқалды. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіден көрініс.
18/20 Митингіден көрініс.
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Әйелдер шеруін өткізуге рұқсат беруді талап еткен митингіні полицейлер мен Алматы әкімдігің қызметкерлері бақылады. Жиын өткен жерде бір автозак тұрды.&nbsp;
19/20 Әйелдер шеруін өткізуге рұқсат беруді талап еткен митингіні полицейлер мен Алматы әкімдігің қызметкерлері бақылады. Жиын өткен жерде бір автозак тұрды. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Митингіге жиналғандар.&nbsp;
20/20 Митингіге жиналғандар. 
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Previous slide
Next slide

Ал белсенді Әйгерім Құсайынқызы 8 наурыз мерекесінің маңызын Қазақстан қоғамы дұрыс түсінбей жүр деп есептейді.

– Біздің [қоғам] әйелдің миссиясы ана болу, бала туу, патриархатқа, еркектерге қызмет ету деп түсінеді. 8 наурыз неге, қашан, қалай пайда болғанын да білмейміз. 8 наурыз – әйелдер құқықтарының эмансипациясы күні. Әйелдер күні –аналар күні емес, нәзік жандар күні емес, қарындас күні емес, әйелдердің құқықтары күні. Сол үшін кез келген дамыған мемлекет саяси құқықтарының ішінде бостандық, теңдік, еркіндік деген ұғымдарды түсінуі керек. Бізде бостандық бар ма – жоқ, біз әлі де маршқа рұқсат алуға мәжбүрміз. Еркіндік бар ма – жоқ, гендерлік теңдік бар ма – жоқ, әлеуметтік әділет бар ма – жоқ. Неге 8 наурызда өз митингімізді митинг арқылы талап етуіміз керек? Ол – біздің құқықтарымыз бұзылғаны, – деді белсенді.

Белсенді әйел теңдігіне қатысты алашордалықтар айтып кеткен идеялар Қазақстанда әлі орындалмай жатыр деп біледі.

Әлеуметтанушы Жанар Жандосова Қазақстанда әйелдер өлімі көбейіп кеткеніне назар аудартты. Ол Қазақстан билігінде отырған әйелдердің дауысы естілмейді дейді.

– Қазақстан билігінде, парламентінде отырғандардың 24 пайызы әйелдер дегенді естиміз. Бірақ бұл әйелдердің үні шықпайды, олар мойынсынғыш, әйелдердің құқықтарын [мінберде тұрып] қорғамайды, митингілерге, шеруге қатыспайды, – деді әлеуметтанушы.

Ол қоғамда гендерлік теңдіктің болмауына бір себеп – осы, билікте әйелдердің аз отыруы дегенді жеткізді.

Былтыр желтоқсанның аяғында 8 наурызда әйелдер шеруі мен митинг өткізуді жоспарлаған белсенділер Алматы әкімдігі митинг өткізуге рұқсат бермегенін хабарлаған.

Белсенділер шеру 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын, жыл сайын ұйымдастырушылар кедергіге ұшырайтынын (мысалы, полицияның ұйымдастырушылардың үйлеріне барып, өтініштен бас тартуға мәжбүрлеуі және тағы басқа) баяндаған.

Бұл жолы әкімдік Алматыда бейбіт жиынға бөлінген төрт орында 8 наурызда өтетін шаралар бекітіліп қойғанын алға тартып, рұқсат бермеген. Әкімдіктің хабарлауынша, өтінішті "Еріктілер лигасы" берген. Билік олардың 8 наурызға жоспарланған үш митинг пен 5 шақырымға созылатын шеруін мақұлдаған.

"Еріктілер лигасының" өкілі Азаттыққа митинг өткізу жоспары болғанын растады, бірақ қандай іс-шара екенін есіне түсіре алмады. Бұл ұйым Алматы, Астана әкімдіктерінен, әсіресе ішкі саясат, жастар саясаты басқармаларынан жиі тапсырыс алады.

Әйелдер шеруі Алматыда 2017 жылдан бері өтіп келеді. Былтыр да болған. Негізгі талаптары әйел құқығы мен олардың саясаттағы орны.

Былтыр да Алматы әкімдігі белсенділерге 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермей, халықаралық ұйымдар мәселеге алаңдаған. Дегенмен ізінше белсенділердің өтініші мақұлданғаны хабарланды. 2022 жылғы 8 наурызда Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы митингіге мыңнан астам адам жиналды. Жиында сөйлегендер әйелдердің зейнет жасын төмендетіп, 58 жасқа түсіруді, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауды тоқтатуды, әйелдерді мемлекет басқару ісіне араластыруды талап етті.

Қазақстанда екі жыл бұрын "Бейбіт жиын туралы" заң қабылданды. Заңда митинг өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат алу қажет емес, тек ескерту жеткілікті делінген. Бірақ әкімдік көбіне келісім бермейді. Сол үшін белсенділерді "митинг заңын бұзды" деп жиі қудалайды. Билік заңды "демократияға қадам" сипатында насихаттайды. Алайда құқық қорғаушылар бұл заңды халықаралық стандарттарға сай келмейді деп сынайды.

XS
SM
MD
LG