Accessibility links

Қырғызстан соты бұрынғы президенттің "ар-намысына тиетін" пікір жазған адамға айыппұл салды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков (ортада).
Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков (ортада).

Қырғызстан жоғарғы соты әлеуметтік желіде Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбековтің "ар-намысына тиетін" пікір жазғаны үшін қырғыз азаматына 100 мың сом (шамамен 1160 доллар) айыппұл салды. Бұл жөнінде Қырғызстан жоғарғы соты хабарлады.

Бұл мәліметке қарағанда, Қырғызстан азаматы 2020 жылғы сәуір айында Instagram желісінде Сооронбай Жээнбековтің атын атай отырып, адамның ар-намысына тиетін пікір жазған.

Сот шешімінде қырғыз азаматының пікіріне филология және саясаттану салалары бойынша сараптама жасалғаны көрсетілген. Сот актісінде айыпталушы "ешқандай мақсат көздемегенін, пікірін эмоциямен жазғанын айтқаны" жазылған.

Айыптау актісін Бішкек аудандық соты 2021 жылғы желтоқсанда шығарған. Кейін жоғары инстанциядағы сот қарап, шешімді күшінде қалдырған.

Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы 15 қазанда Қырғызстан президенті болып сайланып, 2020 жылы 15 қазанда мерзімінен бұрын қызметінен кеткен. Оған парламент сайлауының нәтижесіне келіспей, наразылыққа шыққан халықтың талабы себеп болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG