Accessibility links

Ресей Украинаға зымыран жаудырып жатыр


Киев облысында атып түсірілген ракета. 26 қаңтар, 2023 жыл.
Киев облысында атып түсірілген ракета. 26 қаңтар, 2023 жыл.

Жұма күні Украинаның түгелге жуық аймағында әуе дабылы іске қосылды. Ресей әскері алыстан зымырандар жіберді.

Инфрақұрылымдарға соққы тию қаупі зорайған соң, ДТЭК энергетика компаниясы бірқатар облысты электр жүйесінен ажыратты.

"Суспiльне" басылымы Кривой Рогта жарылыс болғанын хабарлады. Telegram-арналардағы ақпаратқа қарағанда, Одесса, Николаев, Запорожье, Полтава, Хмельницкий, Ивано-Франковск облыстары мен Киевте жарылыс болған.

Харьковта, жергілікті биліктің хабарлауынша, маңызды инфрақұрылым нысандары бүлінген. Киевте №5 жылу электр орталығына соққы тигені хабарланды.

"Укрэнерго" компаниясы елдің шығысы мен батысында және оңтүстігінде бірнеше энергетика нысаны қирағанын хабарлады.

Ондаған ракета аз кідіріспен бірінен соң бірі жіберілген. "Шахед" дрондары да пайданылғаны хабарланды. Запорожье қалалық кеңесінің хатшысы Анатолий Куртевтің айтуынша, қалаға 17 зымыран түскен. Оның сөзінше, бұл – соғыс басталғалы бергі ең ірі зымыран шабуылы. Соның салдарынан қаладағы энергетика инфрақұрылымдары қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ресей кейінгі бірнеше айда 10-14 күн сайын Украина аймақтарын зымыранмен жаппай атқылап келеді. Көбіне энергетика инфрақұрылымы нысандары шабуылға ұшырап жатыр. Келген шығынға қарамастан, орыс әскері Украинаның энергия жүйесін толық істен шығара алған жоқ.

Ресей әскері азаматтық нысандарды атқыламағанын айтса да, кей кезде зымырандар тұрғын үйлерге түсіп, көп адам өліп жатыр. Қаңтарда Днепр қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге зымыран түсіп, 40-тан астам бейбіт тұрғын қаза болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG