Accessibility links

"Би-би-си": Мобилизациямен әскерге алынып, Украинадағы соғыста өлген ресейліктер мыңнан асқан


"Би-би-си" мен "Медиазона" жобасы мобилизациямен әскерге алынып, Украинада өлген 1000-нан астам адамның аты-жөнін анықтаған. Мобилизация басталғанына небәрі төрт ай болған. Әскерге алынғандардың алғашқы отрядтары небәрі 3-7 күн дайындықтан кейін алғы шепке жіберілген.

Мобилизациямен алынып, Украинада өлген 1082 адамның аты-жөні жергілікті БАҚ пен биліктің хабары, туыстарының әлеуметтік желідегі жазбалары, зираттағы мәліметтер арқылы анықталған. Зерттеу өлгендер бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екен көрсеткен.

"Би-би-си" хабарына қарағанда, өлгендердің 40 пайызы 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін өлген. Оның ішінде 109 жауынгер Донецк облысында Жаңа жыл түнінде оққа ұшқан. Бұл мәлімет Ресей қорғаныс министрлігі таратқан ақпараттағы цифрдан 20 адамға көп екенін көрсеткен.

Мобилизацияланған 49 адам Ресей жерінде, ұрыс қимылдарына жетпей-ақ өліп қалған.

"Би-би-си" мен "Медиазона" жариялаған ақпаратқа қарағанда, соғыс басталғаннан биылғы 12 ақпанға дейін Украинада Ресейдің 14 093 әскери қызметкері өлген. Бұлар аты-жөні нақты анықталғандар ғана.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG