Accessibility links

Түркияда қонақүйде украин және орыс футболшылары төбелескен


Түркияда Анталья түбіндегі қонақүйде украиналық "Минай" клубы мен Ресейдің "Шинник" клубының футболшылары төбелескен.

Telegram-дағы "База" арнасы 13 ақпанда кешкісін әуелі украин футболшылары ресейлік ойыншылардан Украина әнұранын айтуды талап еткенін, орыстар мәселені "көшеде реттеуді" ұсынғанын жазды.

"База" арнасы кейін украиндер орыстарға "Ресей режиміне қарсы не үшін наразылыққа шықпайсыңдар" деп сұрағаннан кейін жанжал туындады деп жазды.

Ақпаратқа қарағанда, бастапқыда дау басылған, бірақ ізінше Ресейдің бір футболшысы лифтіге украин спортшыларымен бірге кіргеннен кейін төбелес басталған. Лифт ашылған кезде төбелеске "Шинник" ойыншылары да қосылған.

Төбелескендерді оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ғана ажырата алған.

Украинаның кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, кикілжің қонақүй қызметкеріне дөрекілік көрсеткен ресейлік футболшыға украин спортшылары ескерту жасағаннан кейін туындаған болуы мүмкін.

Төбелестен кейін командалар әртүрлі қонақүйлерге орналастырылған. "Минай" директоры "әу бастан-ақ оларды бір жерге орналастырмау керек еді" деп мәлімдеген.

"РИА Новостидің" жазуынша, "Шинник" түрік жағынан өздерін бір жерге украин командасымен бірге орналастырмауды сүраған, алайда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін қонақүйлерде орын тапшы бола бастаған.

XS
SM
MD
LG