Түркия мен Сирияда 6 ақпандағы зілзаладан қаза болғандар 50 мыңнан асты. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.
Түркияда 44 218, Сирияда 5914 адам қаза болған.
Түркияда үйлерді қалпына келтіру жұмысы басталған: жер сілкінісінен 160 мыңнан астам ғимарат және ондағы 520 мың пәтер қираған немесе бүлінген.
Билік баспанасыз қалғандар үшін 313 мың шатыр және 100 мың контейнер үйлер тұрғызылғанын хабарлады. Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың айтуынша, қауіпсіздік ережелерін бұзды деп күдікке ілінген құрылыс компанияларына қатысты тергеу ауқымы ұлғайған. Кемінде 160 адам қамалған.
- 6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысы мен Сирияның солтүстік-батысында 7,8 магнитудалы жер сілкінісі болған. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, мыңдаған ғимарат, арасында ауруханалар, мектептер мен көпқабатты тұрғын үйлер бар, қираған. Түркияда үш ай төтенше жағдай жарияланды.