Украинаның Ресей және Беларусьпен шекарадағы сызығы екі шақырымға дейін созылып, миналанады. Украина министрлер кабинетінің жетекшісі Олег Немчиновтің телеграм-арнасына сүйенген УНИАН агенттігінің хабарлауынша, мұндай өзгеріс 24 ақпанда Украина жоғарғы радасы қабылдаған түзетулерде ("Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгеріс енгізу туралы") қарастырылған. "Бұл іс жүзінде миналанған аумақ болады" деді Немчинов.
Оның сөзінше, заңға енген өзгертулер сонымен бірге әскери жағдай кезінде Украина қарулы күштеріне, ұлттық гвардияға және полицияға мемлекеттік шекараны қорғау бойынша тапсырмаларды орындау мәселесін реттеуге мүмкіндік береді. УНИАН-ның жазуынша, заңға өзгеріс енгізуді 310 депутат қолдап дауыс берген. Жоғарғы радада 450 депутат бар.
УНИАН мәліметінше, "соғыс басталғалы бері Лукашенко Беларусьтің әскери инфрақұрылымын тұтастай Кремльдің қолына беріп қойған. Ресей қарулы күштерін күшейту үшін Путин режимі беларус зауыттарын жалмап, жұтып жатыр" деп жазды агенттік.
Кремль 2030 жылға дейін Беларусьті саяси, экономикалық және әскери құралдармен"біртіндеп аннексиялау" жоспарын әзірлеген. Журналистердің мәліметінше, 2021 жылы күзде әзірленген жоспарға сәйкес, Кремль 2030 жылға дейін Ресей-Беларусь одақтық мемлекетін құрмақшы.
ПІКІРЛЕР