Accessibility links

Запорожьеде тұрғын үйге түскен зымыраннан қаза болғандар 11 адамға жетті


Украинаның Запорожье қаласында тұрғын үйге жасалған зымыран соққысынан қаза болғандар 11 адамға жетті. Бұл жөнінде Украина төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі хабарлады.

Қаза болғандар арасында бір бала бар. Бұған дейін бір отбасы сегіз айлық нәрестесімен бірге қаза болғаны хабарланған еді.

Жедел қызмет өкілдері 11 адамды, төрт мысық пен бір итті құтқарып қалған. Құтқарушылар зардап шеккендерді іздестіріп, үйіндіні аршып жатыр.

Коммуналдық қызмет 404 тоннадан астам құрылыс қалдықтарын алып кеткен. Психологтар зымыран түскен үйде тұрған 100 адамға және зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсеткен.

  • Ресей әскері Запорожьені 2 наурызда зымыранмен атқылаған. Соның салдарынан зымырандардың бірі бесқабатты тұрғын үйге түсіп, бір подъезді түгел қиратқан. Полиция "соғыс заңы мен ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG