Германияның солтүстігінде Гамбург қаласында 9 наурызда кешкісін "Иегово куәгерлері" орталығына қарулы шабуыл жасалып, кемінде алты адам қаза болды. Гамбургтің құқық қорғау органы өкілдері күдікті өлі күйінде табылғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Гамбург полициясына сүйенген 24hamburg.de басылымы мен Bild сайттары жазды.
Гамбург полициясы Twitter-де шабуылға не себеп болғаны әзірше белгісіз екенін айтты.
"Неміс толқынының" хабарлауынша, кемінде жеті адам мерт болған, сегіз адам жараланған.
Полиция Гросс Борстель ауданындағы шіркеуге қарулы шабуыл жасалғанын растады. Бірақ қанша адам қаза болғанын айтқан жоқ.
Ақпаратқа қарағанда, қаза болғандардың барлығынан оқ жарақаты анықталған.