Accessibility links

Алматыда футбол матчы кезінде полиция стадионнан жанкүйерлерді күштеп шығарды


Ойын кезінде полиция жасағы жасөспірімдерді ұстап жатыр. Алматы, 14 наурыз, 2023 жыл. Скриншот.
Ойын кезінде полиция жасағы жасөспірімдерді ұстап жатыр. Алматы, 14 наурыз, 2023 жыл. Скриншот.

Алматыда Орталық стадионда өткен жергілікті "Қайрат" және ақтаулық "Каспий" командалары арасындағы футбол матчы "жанкүйерлердің төбелесімен" аяқталды. Оқиғаға арнайы жасақ араласты деп хабарлады Vesti.kz порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан арнайы жасақ ақтаулық клуб жанкүйерлерін ұстап жатқаны көрінеді.

Алматы қаласы полиция департаменті матч кезінде Орталық стадиондағы тәртіпті қадағалаған полиция күштері "адам көп жиналған орында пайдалануға тыйым салынған файерді жағуға жол бермеді" деп мәлімдеді.

"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі "ішкі істер органы қызметкерлері стадионда тәртіпбұзушылыққа жол бермей, әрекет етті" және клуб "спорт саласындағы адалдық пен жанкүйерлерге құрмет принциптерін ұстанады", "кез келген күш қолдануды ақтамайды" деді.

Ал әлеуметтік желідегі Ruh_ultras жанкүйерлер қозғалысы "тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ жанкүйерлерге қысым жасап, стадионнан күштеп шығарып жіберді" деді. Жанкүйерлердің айтуынша, олар "тәртіп бұзбаған".

Жергілікті "Қайрат" пен ақтаулық "Каспий" арасындағы үшінші тур матчында 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

XS
SM
MD
LG